Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен кездесті.
Ағылшын тілін тегін үйренеді
821
оқылды

Алдағы уақытта түркі­с­тандық балалар ағылшын тілін тегін үйренеді. АҚШ Елшілігінің English Access бағдарламасы мұқтаж отба­­­сылардан шыққан балаларды ағылшын тіліне, сондай-ақ жеке өсу, цифрлық сауат­­­­­ты­­­лық, еріктілік дағдыларына үйретуге бағытталған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Қазақстан Республика­­­­сын­­­­дағы АҚШ-тың Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Натан Розенблум бастаған делега­­­­­циямен кездесуі барысында белгілі болды.

Жиында тараптар эко­номикалық өркендеу, жасыл энергетика мүмкіндіктері, өңірдің әлеуметтік-эконо­микалық әлеуеті, білім беру, ауыл шаруашылығы бағытын дамыту мен қолдауға байла­нысты мәселелерді талқы­­лады. Тараптар білім беру са­ласы бойынша ынты­­­­­­мақ­­­­­­­­­­­­тас­тықты дамытудың мүмкін­­діктері туралы да мәселе қоз­ғады.

Болашақта АҚШ-пен бірлескен кәсіпорындар құ­руға және шетелден инвес­­­тиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын екенін жеткізген Дархан Аман­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­гелдіұлы өңірдің тыныс-тіршілігіне тоқталды. 

– Түркістан өңірі – елі­­­­міздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі және орасан зор инвести­­­­­­­циялық және туристік әлеуетке ие. Біз­­­­дің өңірде өңдеу өнеркәсібі саласын дамытуға мүмкіндік бар. Түркістан облысы – кли­маттық жағдайына байл­­­а­нысты республикадағы мақта егетін жалғыз аймақ. Бүгінде өңірде жеміс-көкөніс, бақша дақылдары мен ет-сүт өнімде­рін терең өңдеу басым бағытқа ие. Ауыл шаруашылығы сала­­сын дамыту, туризм мен білім саласына қатысты жаңа жо­бала­­­­ларды бастаймыз. Техни­калық бағытта ІТ саласында бет бұруға күш салынған. Сон­­­­дықтан жетекші шетелдік жоғары оқу орнының кампус­тарын ашу жоспар­­­­­ла­­нуда, – деді Дархан Саты­бал­­­ды. 

Көптеген жыл бұрын оң­­түстік өңірде болағанын тілге тиек еткен Дэниел Розенблюм ауылшаруашылық саласында жақсы жобалар бар екенін айтты.

– Дипломатиялық миссия аясында Қазақстанның бар­лық өңірлерін аралауға тыры­­­са­­мын. Өңірдегі жағдаймен танысу үшін Түркістан об­­­­лысына араға 29 жыл салып, алғаш келуім екен. Әрине, орасан зор өзгерістерге куә бол­­дым. Біздің сапары­­­­мыз­­дың алғашқы бағыты білім сала­­сына байланысты. English Access бағдарламасы – мұқ­таж отбасылардан шық-қан бала­­­­­лардың ағылшын тілін үйре­­­­нуіне үлкен мүм-кіндік. Соны­­­­мен қатар ауыл шаруа­шылығы саласы да маңызды. Фермер­­­­лерді са-ла­ны дамы­тудың қыр-сырын үйретуге арналған жо­балар бар. Тағы бір ба­­ғыт – адам саудасымен күрес, – деп атап өтті Дэниел Розенблюм.

Басқосу қорытындысы бо­йынша, тараптар ынтымақ­тас­тықтың өзара тиімді бар­лық бағыты бойынша бай­­­­­­­­ланыс­­­тарды белсенді түрде жал­­­ғас­ты­­­­руға дайын екен­­дерін айтты.

Айта кетейік, 2018 жылдан бастап Түркістан облысына 5,8 млрд АҚШ доллары көле­­­мінде өнеркәсіп, жылжымай­­тын мүлік, ауыл шаруашы­­­­лы­ғы, туризм, және логистика сияқ­ты салаларға инвестиция бағытталды. 2027 жылға дейін өңір экономикасына шамамен 6,7 млрд АҚШ доллары көле­­мінде жеке инвестициялар есебінен 200-ге жуық инвес­­­­­тициялық жобаларды жүзеге асыру күтілуде. 

Тельман БЕЙСЕН