Биылғы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша, Қазақстанда 53,8 мың неке тіркелген.
Қазақстан ажырасу бойынша әлемдік рейтингте нешінші орында?
4,628
оқылды

Қазақстан ажырасу саны бойынша әлемдік рейтингте 16-орында тұр,  деп хабарлайды Aikyn.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Биылғы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша,  Қазақстанда 53,8 мың неке тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 2,2%-ға аз. Қалаларда неке саны жылына 16,7%-ға, 35,5 мыңға дейін қысқарса, ауылдарда, керісінше, бірден 47,4%-ға, яғни, 18,4 мыңға дейін өскен.

Алты айдағы ажырасулар саны 8,2 мыңды құрады. Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 9%-ға аз. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 14,8%-ға, ауылдарда-12,6%-ға қысқарған.

Өңірлік бөлініс бойынша ең көп неке Алматыда тіркелген - 5,7 мың. Бірақ бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 19,7%-ға аз.

«Жаңадан үйленгендердің» үштігіне Түркістан облысы (5,5 мың неке, жылына минус 8,3%) және Астана қаласы (4,7 мың неке, минус 6,2%) енді. Ал ең аз неке Ұлытау облысында тіркелді: 663.

Тіркелген ажырасулар саны бойынша да Алматы көш бастап тұр: 1,1 мың — бірақ бұл былтырмен салыстырғанда 10,4%-ға аз. Сондай-ақ Астана (734 ажырасу) мен Қарағанды облысы (723) ажырасулар бойынша үштікке енді. Ең аз ажырасу Ұлытау облысында болды: 102.

Елдегі неке коэффициенті 1000 адамға шаққанда 5,77-ден 5,46-ға дейін төмендеді. Елордада некенің ең жоғары коэффициенті тіркелді: 1000 адамға 6,9. Көшбасшылар үштігіне Маңғыстау және Алматы облыстары да кірді.

Ажырасу коэффициенті, АХАТ органдарының мәліметтері бойынша, соттардың некені бұзу туралы шешімдерін есепке алмағанда, 1000 адамға шаққанда 0,83 құрады, бұл бір жыл бұрын 0,94 болған еді. Өңірлік бөліністе ажырасудың ең жоғары коэффициенттері Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында, ең азы Түркістан облысында тіркелді.

Сонымен қатар Wisevoter мәліметтері бойынша, ажырасу саны бойынша Қазақстан әлемде 114 елдің ішінде 16-орында тұр. 2022 жылы ҚР-да, портал деректері бойынша, ажырасу коэффициенті 1000 адамға 2,5-ті құрады.

ТМД елдері арасында Қазақстаннан жоғары рейтингте Ресей (3-орын, 1000 адамға 3,9), Молдова (4-орын, 1000 адамға 3,8), Беларусь (5-орын, 1000 адамға 3,7) және Украина (9-орын, 1000 адамға 2,9) болды.

Қырғызстанда (1000 адамға 1,8), Әзербайжанда (1000 адамға 1,7), Арменияда (1000 адамға 1,1) және Өзбекстанда (1000 адамға 1,1) ажырасулар аз болды.

Ажырасулардың көпшілігі Мальдив аралдарында, Гуамда және Ресейде, ең азы Вьетнамда, Шри-Ланкада және Перуде тіркелді.