2023 жылғы маусымда Қазақстан кубогының форматы өзгерді.
«Ордабасы» мен «Тобыл» Қазақстан кубогының финалына шықты
2,302
оқылды

Соңғы маусымдарда Премьер-лига клубтары негізгі кезеңді топтық кезеңнен бастаса, биылғы маусымда мықты клубтар бірден плей-офф кезеңінен (плей-офф ойындары) бастады. Өзгеріс әр кезеңдегі ойындар санына да әсер етті, жартылай финалды қоспағанда, плей-оффтың барлық кезеңдері бір матчтан өткізілді.

Турнир ойындары Шымкентте өткен алдын ала кезеңнен бастау алды. Бірінші және екінші лига клубтары 4 топқа бөлініп, одан кейін жартылай финалда топ жеңімпаздары негізгі кезеңдегі екі қатысушыны анықтады. Олар Оралдың «Ақжайығы» мен «Тұран» (Түркістан) болды.

 

Бұл екі команда Премьер-лигадағы 14 команданың қатарына қосылды.

Болашақ финалистер «Ордабасы» мен «Тобыл» өз жолын тиісінше «Мақтаарал» және «Ақсу» жеңісімен бастады.

Ширек финалда «Ордабасы» Петропавлдың «Қызылжарын» ұтса, қостанайлықтар қарағандылық «Шахтерден» басым түсті.

Жартылай финалда шымкенттіктер Астанамен кездесуде нағыз триллер көрсетті. Қазақстан астанасында бірінші кездесу алаң иелерінің минималды жеңісімен аяқталса, Шымкентте де ордабасылықтар 90 минутта бір ғана гол соға алды, барлығы алаң иелері басымдық танытқан овертаймға кетті.

Айта кетейік, «Ордабасы» екінші жыл қатарынан Қазақстан кубогының финалында өнер көрсетуде. 2022 жылы олар «Ақжайықтан» мықты болып, көксеген жүлдені төбелерінен асырды.

«Тобыл» «Атырауды» екі кездесудің қорытындысы бойынша жеңіп, финалға шықты.

Енді «Астана Арена» СК алаңында осы екі команда Қазақстан кубогының жеңімпазын анықтайды.

«Тобыл» жеңіске жетсе, кубоктан бөлек, келесі маусымда Қазақстан атынан УЕФА Еуропа лигасында өнер көрсететін болады. «Ордабасы» 2024/2025 жылғы маусымда чемпион және Чемпиондар лигасының қатысушысы ретінде финалдық ойынға шыққандықтан, келесі жылғы еурокубокты жеңсе, алматылық «Қайрат» жолдама алады.

4 қараша күні өтетін финалда Қазақстан OLIMPBET кубогын «Ордабасы» мен «Тобыл» сарапқа салады.

Финал Астана қаласы «Астана Арена» стадионында сағат 16.00-де басталады.

Билеттерді ticketon.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады.