Астана қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында атыраулық боксшы Жандос Алпысбаев 75 келі салмақта Азия чемпионы атанды.
Атыраулық боксшы Азия чемпионы атанды
3,144
оқылды

Жандос Алпысбаев Моңғолия, Үндістан және Иран елінің боксшыларынан басым түсіп, медальге қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Барша қолдау білдірген атыраулық бокс жанкүйерлеріне, Дене шынықтыру және спорт басқармасына, бапкерлеріме және әрдайым қамқорлық пен қолдау білдіретін Атырау бокс федерациясының президенті Шухрат Абдурашидұлына алғыс білдіремін, – дейді Азия чемпионы Жандос Алпысбаев.

 

Айта кетсек, Жандос Алпысбаев – Атырау облысынан жасөспірімдер арасынан шыққан тұңғыш Азия чемпионы. 2021 жылы өткен кіші жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионы және үздік боксшы атанған. Чемпионды додаға дайындаған алғашқы бапкері – Мейрамғали Апсенов, жеке бапкері – Айбек Нысанбаев және жасөспірімдер арасындағы облыс аға жаттықтырушысы – Азамат Байдуллиев.

Қазіргі уақытта Жандос Алпысбаев Атырау бокс клубының және Атырау облыстық Олимпиадалық резервін дайындау орталығында жаттығады.