Әлемдік рейтингте 247-орында тұрған қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Шарлотсвиллдегі (АҚШ) «Челленджер» турнирінде топ жарды. Ол бұл санаттағы жарыста алғаш рет жеңімпаз ата­нып отыр.
Жұқаев тарихи жеңіске қол жеткізді
1,789
оқылды

Отандасымыз финалда америкалық теннисші Эйдан Майоны 6:3 және 6:4 есебімен ұтты. Ойын 1 сағат 16 минутқа созылып, Бейбіт 11 эйс жасады.

Осылайша, ол кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жекелей және жұптық сында жаңартылған әлемдік рейтингтінде 247-ден бірден 52 сатыға жоғарылап, әлемнің 195-ші, Қазақ­стан­ның екінші ракеткасы атанды. Ал

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 33-тен 32-ге көтерілді.

Михаил Кукушкин 213-те қалса, Тимофей Скатов 211-ден 216-ға, Денис Евсеев 238-ден 239-ға сырғыды.

Әдеттегідей бұл жолы да Новак Джокович көш бастады. Испаниялық Карлос Алькарас екінші, ресейлік Даниил Медведев үшінші орында тұр.

Айта кетейік, 23 жастағы Бейбіт Жұ­қаев «Челленджер» жарысындағы же­тістігі үшін 10 840 АҚШ доллары көле­мінде сыйақы мен 75 рейтингілік ұпай иеленді. 

Фото: stan.kz