Жәнібек Әлімханұлына доминикандық спортшыдан ұсыныс түсті.
Жәнібек Әлімханұлына жекпе-жек бойынша жаңа ұсыныс түсті
4,924
оқылды

LDUBB Boxing YouTube бокс арнасының авторы Буг Уильямс әлеуметтік желіде WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) үндеу жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Уильямс Жәнібек Әлімханұлының Boxingscene.com порталында жарияланған WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» белбеу иегері, Доминикан Республикасының спортшысы Карлос Адамес (23-1, 18 КО) жайлы айтқан сынына жауап берді.

«Ақпан айындағы жекпе-жекке дайындал», – деп жазды Уильямс X әлеуметтік желісінде.

Осылайша, Адаместің 2024 жылдың қысында жекпе-жек өткізуге дайын екенін меңзеді.

Еске сала кетейік, Карлос Адамес әлеуметтік желіде Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке бірнеше рет шақырған болатын. Бірақ қазақстандық спортшы өзі толыққанды әлем чемпионы болмағандықтан, доминикандықпен жұдырықтасуға құлшыныс танытпай отыр.