"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 12 қарашаға дауылды ескерту жариялады. Мамандардың болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде жел тұрып, жауын-шашын, қалың тұман болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Түнде және таңертең Атырау облысының басым бөлігінде және Атырау қаласында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде және Орал қаласында тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман болады. Соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Шымкентте түнде қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) және тұман болады деп күтіледі. Түркістанда түнде тұман болуы ықтимал.
Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Қонаевта соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Семей қаласында да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болуы ықтимал. Желдің екпіні – 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні – 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні – 15-20 м/с.
Қызылорда облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Желдің екпіні –15-20 м/с. Ақтау қаласында соққан желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді деп болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және өңір орталығы Петропавлда тұман түседі деп күтіледі.