Ол негізгі ойындарға қатыса алмайтын болды.
Ауыр жарақат алған Бахтиер Зайнутдинов мәлімдеме жасады
2,398
оқылды

Қазақстандық жартылай қорғаушы, белгілі футболшы Бахтиер Зайнутдинов Түркиядағы ойын кезінде алған жарақатынан кейін мәлімдеме жасады, –деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан ұлттық құрамасы өізінің тарихында алғаш рет Еуропа ойындарының финалына шығуы мүмкін еді. Алайда, Бахтиер Зайнутдинов футбол барысында Джером Опокудан "таяқ жеп" жеп, жарақат алып қалған соң, негізгі ойындарға қатыса алмайтын болды. 

Аяқдоп шебері денсаулығындағы жарақатынан кейін жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады.

“Қолдау көрсеткендеріңізге, жылы сөздеріңізге рахмет! Ұлттық құрамаға және ойыншыларға маңызды матчтарда сәттілік тілеймін! Тек алға”, – деп жазды ол.