Сонымен қатар шетелдіктерге бауырсақ, қымыз ұсынып, шапан жапқан.
Қазақстан құрамасымен ойнайтын Сан-Марино спортшыларын қазақ жігіті күймен күтіп алды
4,860
оқылды

17 қарашада Қазақстан құрамасымен ойнайтын Сан-Марино спортшыларын қазақ жігіті Дидар Сыдықбек күймен қарсы алды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы белгілі блогер Аршат Ораз желідегі парақшасында жазды. 

"Дидар Сыдықбек деген күшті жігіт бар. Жас кезінде Ақтөбе сапында ел чемпионы болды. Кейін ауыр жарақатына байланысты футболдан кетті.

Бірақ өзі жеке клуб құрып, стадион салып, футбол кәсіпкері болып жүр.

Бүгін Сан-Марино құрамасы олардың стадионын жалға алып, алғашқы жаттығуына шығыпты.

Дидар нағыз қазақ ретінде әдемі күтіп алыпты. Бауырсақ, қымыз, күй және әрине шапан!", деп жазды Аршат Ораз. 

Фото: Спорт-Экспресс