Танымал әнші Ерке Есмахан гардеробын жаңартып, қымбат сахналық киімдерін сатылымға қойды.
Ерке Есмахан сахнада киген көйлектерін сатуға шығарды
6,712
оқылды

Әншінің айтуынша, олардың арасында тіпті жап-жаңа көйлектері де бар. Соңғы кезде оларды мүлдем кимей кеткен. Сол себепті қимаса да, оларды сатуға шешкен. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында хабарлады.

– Киімдерімді реттеуге енді қол жетті. Киілмей кеткен киімім өте көп екен. Он шақты сөмкедей шықты. Ешбірі ескірмеген. Беретінін берем, сататынын сатамын. Тастайтын да киімдер бар. Алла кешірсін, ысырап болып жатыр. Сөмкелерім де өте көп. Сыйланбайды, тек арзан бағаға сатылады. Екі көмекшім  жинап  үлгермей жатыр.

Арасында бір-ақ рет киген және тіпті жап-жаңа көйлектер де бар. Қимаймын, әр көйлекке қарап, қанша той мен концерт есіме түседі", – деп жазды әртіс.

Ерке Есмахан көйлектерінің видеосын жариялап, елді қызықтырып қойды. Оқырмандар бұл хабарландырудан кейін әншінің парақшасына жарыса жаза бастады. Алайда өнер иесі киімдерді сатумен көмекшілері айналысатынын айтты.