Едіге Егемберді чемпион атанды.
Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды
3,559
оқылды

Қазақстандық спортшы Едіге Егемберді ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мексикада өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында отандасымыз Едіге Егемберді жеңіс туын желбіретті. Ауыр атлет 81 келі салмақ дәрежесінде серпуде – 145, жұлқуда – 191 келіні төбесіне көтерді.

Осылайша, қазақстандық спортшы чемпион атанды.

Екінші және үшінші орынға түрікменстандық Гайгысыз Тораев пен грузиялық Георгий Асанидзе жайғасты.

Әлем чемпионатында Едіге Егембердіден басқа тағы бір қазақстандық Петр Хребтов (67 келі) оныншы орынға тұрақтады.