Сот жүйесі қоғамға ашық па? Соңғы жылдары сот саласында қандай реформа жасалды? Соттардың беделін арттыру, қызметін жетілдіру мақсатында көптеген жұмыс атқарылды.
Үнзила Шапақ: Судьялар жемқорлықтан таза болуға тиіс
4,053
оқылды

Мемлекет басшысы сот төрағаларын сайлау қажеттігін айтқан еді. Осы орайда қандай шешімдер жүзеге асырылды? Біз бұл сауалдарды Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапаққа қойған едік. 

– Биыл наурыз айында Пре­­­­зидент «Қазақстан Респуб­лика­­сы­ның сот жүйесі мен судьялары­ның мәртебесі туралы» кон­­­ститу­ция­лық заңға өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, оның мәтіні көпшілікке жа­­­рия­ланды. Осы құжаттың не­­­гізін жасау үшін қандай жергілікті және халықаралық құқықтық құ­жаттар ескерілді? 2000 жылы кү­шіне енген заң өзгерді ме?

– «Қазақстан Республикасы­ның сот жүйесі мен судьяларының мәр­тебесі туралы» конституция­­­лық заңға енгізілген соңғы өзг­е­рістер Мемлекет басшысының «Әді­летті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқы­на Жолдауында айтылған тапсыр­­маларын іске асыру мақсатында қабылданды. 

Қабылданған консти­­туция­лық заң судья­­лардың тәуелсіздігін нығайтуға, аудандық соттардың төрағаларын сайлау элементтерін енгізуге, сот төрағалары лауазым­да­­рының кейбір бөлігін судья ла­уазымдарына ауыстыру арқылы судьялардың тең мәртебесін қам­тамасыз етуге, сондай-ақ Жоғар­ғы Сот Кеңесінің рөлін күшейтуге бағытталған.

Соңғы жылдары елімізде көп­теген, соның ішінде сот төрелігі саласында жүйелі және маңызды өз­ге­рістер орын алғанын атап өткен жөн. 

Сот жүйесіндегі реформалар – үздіксіз даму мен жетілдіруді та­лап ететін процесс. Сондықтан сот­тардың беделін арттыру, қыз­метін жетілдіру бағытында жүйелі және күнделікті қажырлы жұмыс қажет.

– Сот жүйесіндегі қандай про­б­­лемалық мәселелер осы саланы реформалауға түрткі болды және олар жаңа құжатта қалай көрініс тапты?

– Сот жүйесін реформалау қа­жеттілігі – өздігінен туындайтын тұ­рақты мәселе. Мұның себебі бұ­­­­­­­­­­қара халық сұранысы көпшілік жағдайда сот билігі арқылы рет­те­леді. Сондықтан ретті рефор­ма­­лардың болуы, сыни пікірдің шешімін түйіндеу – заман та­лабы.

Мемлекет басшысы Қазақ­­стан халқына Жолдауында заң­­ның үстемдігі мен сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын қамта­масыз етуді тапсырды. Бұл үшін судьялар корпусын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып, жасақ­тау керек. Судьялар жоғары бі­­лік­ті, адал және жемқорлықтан та­за болуға тиіс. Ең алдымен, бар­­­­­­лық судьялардың мәртебесін теңес­тір­ген жөн. Яғни, судья тәуел­сіздігі қағидаты әріптестің шені­не байланысы болмауы ләзім. Сондықтан Мемлекет басшы­сы сот төрағаларын сайлау қажет­тігін айтты.

Жоғарғы Сотқа дейін барлық деңгейдегі судьяларды сайлау ар­қылы таңдау – судьялардың өз­де­­­­рі ұсынған ұсыныс. Бірақ бұл уа­қыт пен сот жүйесі құрылымының ділін өзгертуді талап етеді. Судьялар іс жүзінде мансап­тық өсу жүйесінің ашықтығы, сот төрағаларының рөлі, олардың судья­лармен өзара іс-қимылы, сондай-ақ төрағаларды таға­йындау рәсімдері сынды пробле­маларға кезігіп отырады.

Судьялар 44 аудандық сотта төрағалардың бос орындары бар екеніне статистика келтірді. Мә­се­ле тек шалғайдағы және аз құ­рамдағы соттар туралы ғана емес, тіпті елорданың аудандық сот­­тарында да 2 бос орын бар. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бас­тап судьялар қауымдастығы лауаз­ымдарға талапкерлерді өзі сай­лайды. Облыстық соттың кеңей­тілген жалпы отырысында кан­­­­ди­­даттарға жасырын дауыс бе­ру әртүрлі теріс пайдалануларды жояды.

Тағы бір мәселе, апелляция­лық саты неге жұмыс істемейді, іс­терді қайта қарамайды, оларды бірінші сатыға қайтарады, осы­лай­­ша әуре-сарсаңға салады. Президенттің тапсырмасын іске асыру шеңберінде апелля­­­­циялық сатының бірінші сатыға қай­тармай, мәні бойынша шешім қабылдауын да қамтамасыз ету керек. Сондықтан егер бірінші саты­дағы сот іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс анықта­маса, он­да апелляциялық саты­­­дағы сот бірінші сатыға қай­тармай, істі өз өндірісіне қа­­­­­­­был­­­дауға және оны бірінші сатыдағы соттың қағи­далары бойынша қарауға тиіс нормалар қабылданды.

Сот жүйесінде алып жатқан ре­формалар қатарын биылғы жыл­­­­дың көктемінен байқасақ та бо­лады. Мәселе – Астана қаласы мен Шымкент қаласы ауда­­на­ралық соттар турасында. Мега­­по­­­­лис­­­­тер­­­­дегі аудандық бөліністің кө­­­­беюіне орай, жаңа кадрлық ұжым, ин­­­фраструктуралық база, цифр­­­­лан­­­­­дырылған жүйе және т.б. шы­­­­­ғындар туындайды. Мұндай жағ­­­­­­­­­­­­­­дайдан экономикалық тұрғы­­­дан ұтымды реформа ретінде ке­ле­сідей шешім қабылданды: бі­­рінші са­­­­тылы сот процестері аудандық бө­­­­ліністерде жекеше емес, ортақ ау­­­данаралық сотында қаралады. Бұл азаматтардың бұзыл­­ған құ­­­қықтарын тез қал­­­пына келті­­­руге мүм­­­­­­­­­­­­кіндік береді. Өз басым вене­­циялық комиссияның мүше­сі ретінде сот жүйесіндегі рефор­ма­лар, судьяның біліктілігіне қа­тысты мәселенің маңызы ТМД елдерінен тыс, әлем бойынша да болып жатқан тенденция екенін атап өткім келеді.

– Жаңа заңда судьялардың мәр­тебесі қалай қорғалған, судья­лар қызметінің негізгі кепілдік­теріне мән берілді ме?

– Заңдарға қабылданған өз­ге­­­рістер судьялардың құқық қор­­ғау органдарының сыртқы ықпа­лы­­­нан да, жүйенің ішкі қы­­­сы­­­мы­нан да тәуелсіздігін күшейтті. Бұған де­йін құқық қорғау органдары облыс прокурорының санкция­­­­сымен кез келген судьяға қатысты арнайы жедел-іздестіру шарала­рын жүргізе алатын еді. Осы сәттен бастап құқық қор­­ғау ор­ганы судьяның телефонын тың­­­дап, ол және оның жеке өмірі ту­ралы деректер жинай алады. Бұл судьяға қысым жасау тетігі ре­­тінде бағаланды. Сондықтан судьяларға қол сұ­ғылмаушылық кепілдіктерін арт­­­­­тыру мақса­тында консти­­­­ту­­­ция­­лық заңда судьяларға қа­тысты ар­найы же­дел-іздестіру іс-ша­­­­ралары көп­теген дамыған ел­­­дер­де қа­был­данғандай, тек Бас про­­­­ку­рордың санкциясымен ғана мүмкін бола­тын ереже бе­кітілген. Судья­лардың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз бо­­луы үшін оларға заңды құрал жә­не адал жұмыс істеуге сендіру қа­­­­­­жет. Осы кепіл­­­дікті күшейту үшін заңдарға тү­­­зетулер қабыл­данды.

– Мемлекет басшысы 2022 жыл­­­ғы қыркүйектегі Жол­­­­дауында қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ ат­­­қарылуы үшін судьялар корпу­­­сын шұғыл түрде жаңартып жасақ­­тау қажеттігін алға тартты. Бірінші кезекте барлық судьялардың мәр­тебесін теңестіру, олардың өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тә­уел­ді болмау қажеттігін атап өтті. Бұл ұсыныс қаншалықты тиімді болар еді деп ойлайсыз?

– Бұл дер кезінде жасалған жә­не өте қажет ұсыныс. Сот билі­­гінің мақсаты – азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бос­тан­дықтары мен заңды мүдде­­­­ле­­рін қорғауды, республиканың Конституциясының, заңдары­ның, өзге де нормативтік-құқық­­­­тық актілерінің, халықаралық шарт­­тарының орындалуын қам­­тамасыз ету. Сонымен қатар кадр­­­­­­лар – сот реформасының сәтті болуының негізгі факторы. Сот төрелігінің сапасы – ең ал­ды­­мен, судьялардың кәсіби ше­берлігі мен жеке қасиеттеріне бай­ланысты екені белгілі.

Конституцияға сәйкес Қазақ­­стан Респуб­­ликасы өзін демокра­­тиялық, зайырлы, құқықтық жә­не әлеуметтік мемлекет ретін­де бе­­­­­кітеді, оның ең жоғары құнды­лықтары – адам, оның өмірі, құ­қық­­тары мен бостандықтары.  Судья – сот төрелігін жүзеге асы­ратын және әлеуметтік әді­лет­тілікті орнатудың кепілі бо­лып табылатын адам. Ал әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу үшін ол тәуелсіз бо­­­­луы және тек Консти­­туция мен заң­дарды басшылыққа алуы тиіс. Оған ешқандай қысым көрсе­­­­­­­тіл­­­­­меуі керек. Бұл үшін осын­дай ре­фор­малар қажет. Бұл – қазіргі шындық.

2018 жылы Жоғарғы Сот Жо­ғар­­­­­­ғы Сот Кеңесімен бірлесе оты­­­­­­­­рып, судьяларды іріктеу тәр­­­­ті­бін тұжырымдамалық түрде өз­­­­гертті. Қазір әлсіз заңгерлер судья­­­­­­­­лыққа өтпейді. Бүгінде сот жүйесінде судьялардың тапшы­­­­­лығы бай­қалады. Бос орын­дар үлесі 12 пайызға жеткен.

Қазақстан Республикасы судья­­­­­­­­ларының VIII съезінде сөй­­­ле­­­­­­ген сөзінде Президент сот жү­­йесіне салалық құқыққа ма­­­­ман­­­­­дан­дырылған мамандарды тарту міндетін қойды. «Қазақстан Рес­публикасының сот жүйесі мен судьяларының мәр­­тебесі туралы» конститу­­­­­ция­­­­лық заңға құқықтың жекелеген са­ла­­­­­ларында маман болып табы­­­латын, облыстық сот судьясының бос лауа­­­­­­­­­зымына ор­­­наласуға үміт­кер тұлғалар үшін же­ке конкурс өткі­зілуі мүмкін деген өзгерістер енгізілді. Құ­қық­тың өте күрделі салала­­рында ма­­­манданған судьялыққа кан­­­­ди­дат­тар үшін мамандан­­­­­­ды­рылған біліктілік емтиханы қа­рас­­ты­рыл­ды. Жоғарғы Сот Кеңесі кәсіби мық­­­­ты судьялар корпусын қа­лып­­­­­­­тастыруды мақсат етеді. Судья­­­­­ларды іріктеу ЭЫДҰ елде­­­рін­дегідей судьялыққа әрбір кан­дидатты жан-жақты зерделеу және бағалау арқылы жүзеге асы­рылады.

Мемлекет басшысы Жолдауда судья­лардың сот төрағаларына тәуел­ділігін төмендете отырып, олар­­­­дың тең мәртебесін қамта­масыз ету туралы айта отырып, осы норманың іске асырылуы ту­­­ралы, оның ішінде сот төраға­­лары позицияларының бір бөлі­гін судьялық лауазымдарға ауыс­тыру есебінен атап өтті.

Конституциялық заң ауда­­н­ара­­­­­лық соттарды бірнеше немесе бір аумақтық бірлікте құруды көз­­дейді. Ауданаралық соттар бірік­­тірілгенде сот төраға­­­­лары­­­ның лауазымдары қысқарады. Осы­лайша, судьялардың мәрте­­­­­бесі теңестірілетін болады.

– Президент сот жүйесін ре­формалау аяқталмайтынын, ол соттан тыс мамандардың көмегімен жетілдірілетінін атап өтті. Сіз осы өзгерістерді қалай бағалайсыз? Бұл сот жүйесінің дамуына айтар­лықтай серпін бере ала ма?

– Қабылданған заңдарда Қазақ­­стан халқына Жолдауды орындау мақсатында, сондай-ақ Парламент Сенаты жанындағы әріптестеріміз құрған жұмыс то­бы аясында әзірленген ұсыныс­тар іске асырылды. Бұл түзетулер бизнес, азамат­­­тық қоғам және сот жүйесі өкіл­де­­­рі көптен бері айтып келе жат­қан бірқатар өзек­­ті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Аудандық соттардың төраға­­ларын сайлауды енгізу және бар­лық кадр мәселесін Жоғарғы Сот Кеңесіне беру жүйедегі судья­лардың тәуелсіз­­дігін нығайтады.

Судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын (АЖІШ) санкция беру өкілет­тік­­­­терін облыс прокурорларынан Бас прокурорға беру судьяларға қау­іп­сіздік күштері тарапынан бола­­­тын сыртқы қысымды жоя­­ды. Азамат­тық сот ісін жүр­­гізу мін­деттеріне «әділ­­­дікті» жатқызу және АПК-да тараптардың өкіл­дері­нің іс жүргізу құқықтары мен мін­­дет­­терін бекіту тараптарға сот про­­цесін кейінге қалдыруда өкіл­дердің теріс әрекеттеріне қарсы тұру құралдарын ұсынады. Егер қарамағындағы бөлім­­­шелерінің іс-әрекеттеріне шағым жасалса, басшылардың сотқа өзі­нің дәлелді ұстанымын беру мін­детін енгізу жоғары тұрған лауа­зымды адамдар­дың өздеріне жүк­­­­­­тел­ген жұмыс саласы үшін дербес жауапкер­­шілігін күше­й­теді. Қабылданған заңдар соттар­­дың жұмысын жақ­сартуға, жергі­­лікті судьялар­­дың нақты тәуел­сіздігін қамта­­­масыз етуге, сот тө­релігін атқару сапа­­сын көтеруге мүмкін­дік береді.

Сонымен қатар Президент биылғы Жолдауында кассация­лық деңгейде болып жатқан ре­фор­маларды да атап өтті. Оның ішінде судьялардың әлеуметтік ке­пілдігі, кәсіби біліктілігін қам­та­­­масыз ету мәселесі өзекті екені рас. Бүгінде судья лауазымына әйел адам­дардың да ер азамат­­­тармен қатар тағайындалуы көңіл көншітеді. Өйткені мемлекеттік қызмет аясына келгенде жыныс­тық теңдікке қарасты нигилизм ба­сым болғаны жасырын емес. Дегенмен қоғам ықпалы мен би­лік институттарының нәтижелі жұ­мысы арқасында бұл мәселе тиімді бетбұрыс алғаны рас. Қазір қылмыстық істер жөніндегі сот­тарда 50%, азаматтық істер жө­ніндегі соттарда 70% үлесте судья лауазымына әйелдер тағайын­далған.

Сот жүйесі қоғамға ба­рынша ашық. Сон­дықтан сот жүйесіндегі бар­­лық оң өзгерістер жалғасын тауып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тиім­ділігін арттыруға ықпал ете­тініне үлкен үміт бар. Бүгінгі кү­ні Парламент қабырғаларында сот жүйесі реформаларына қа­рас­ты заң жобасын әзірлеп жа­тырмыз. Жоғарыда аталған азды-көпті жұмыс үдемелі қарқынмен қоғам игіліне жемісті нәтиже берген күн­ге дейін жалғаса бермек. 

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жаңғырту мә­се­­лелеріне арналған кеңесте судья­лар тең жағдайларды қам­та­масыз ету кезінде түрлі шешімдер шы­­ғаратынын атап өтті. Мұндай кү­мәнді жағдайларға жол беруге болмайды. Неліктен мұндай фак­­тілер көбейді? Бұған жол бермеу үшін қандай шаралар қабылдау қажет деп ойлайсыз? Бұл мәселе жаңа заңда қалай көрсетілген?

– Сот практикасының біркел­­­кілігіне қол жеткізу заңдылықты қамтамасыз ету, адамның және аза­маттың конституциялық құ­қықтары мен бостандықтарын қорғау міндеттеріне негізделген, сондықтан кассациялық тәртіп­пен қайта қараудың қоғамдық маңызы аса жоғары, сондай-ақ құқықты дамыту, оны біркелкі түсіндіру және қолдану үшін де мәні зор.

Соттардың құқық нор­мала­­рын түсіндіру мен қолданудың бірыңғай тәсіл­дерімен сипат­­талатын сот практикасының бір­келкілігіне Жоғарғы Соттың сот практикасы мәселелерін түсін­діретін норма­тивтік қаулылар қа­­­былдауы ар­қы­­­­­лы ғана емес, соны­мен қатар төмен тұрған сот­тар­дың сот ак­­­­тілерін касса­­ция­­лық тәртіппен қайта қарау нәти­жесінде де қол жеткізіледі. Бұл ретте Жоғарғы Соттың сот актілерін қайта қарау бойын­­­ша олардың заңдылығын, негіз­ділігі мен әділдігін қамта­масыз ету­ге бағытталған қызметі сот прак­­тикасын қалыптастыру үшін шешуші мәнге ие. Сонымен қатар Жоғарғы Сот түйткілді мә­се­­­лелерге, соның ішін­­­де сот практикасының бір­кел­кілігіне талдау жасайтын қо­рытуларды да әзірлейтінін атап өткен жөн. Оның үстіне, егер нормативтік қау­лыларға қандай да бір өзге­­ріс­тер мен толықтырулар енгізу қа­­­жет болса, онда осы қорыту­лар­да түзетулер енгізу туралы ұсы­­­­­ныс­пен мәселелер көтеріледі.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап АПК-ға әлемдік практи­кадан «үлгілі сот шешімі» инсти­туты енгізілді. Жоғары тұрған сот тараптардың келісімімен көп­­теген ұқсас және біртекті істердің бірін сұратып алдыруға, өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және оны бірінші сатыдағы соттың қағи­­далары бойынша қарауға, ол бо­йынша осындай істерді қарау ке­зінде үлгі болып табылатын ше­­­­­­­­­­­­шім шығаруға құқылы. Соны­мен қатар Жоғарғы Сот бірыңғай сот практикасын қа­­лып­­­­­­­­­тастыру үшін Digital Analytics бағдарла­масын әзірледі. Бұл ІТ-өнімі іст­­ің ықтимал нәтижесін бол­жауға бағытталған. Сот про­цесіне қатысушылар үшін бұл өнім өте пайдалы. Жоғарғы Сот соттарда цифр­­лық техно­­­ло­гияларды пай­да­­­­ла­нуды кеңейту, сот ісін жүргі­зуді жеңілдету, сот төрелі­гінің қолже­­­­тімділігін, ашықтығы мен ай­­қындығын арттыру бойын­ша бір­қатар жүйелі ұйым­дас­тыру ша­раларын қабылдап жатқанын атап өткен жөн.

– Қоғамда судьялар үкім шы­ғарылған азаматты ақтауға қор­қады деген пікір бар. Неліктен? Ақ­­тау үкімі шығарылған жағдайда судья қандай тәуекелге барады? Бұл өзек­ті мәселе жаңа заңда кө­терілді ме?

– Әркiмге мемлекеттiк орган­дар­дың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың рес­­­пуб­­ликаның Конституциясында жә­не заңдарында көзделген құ­қық­тарға, бостандықтар мен заң­ды мүдде­лерге нұқсан келтiретiн не­месе олар­ды шектейтiн кез келген заң­сыз шешiмдерi мен iс-қимыл­дарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талап­тары мен әдiлет­тiлiктi сақтай отырып құзы­­реттi, тәуел­сiз және алаламай­­тын сот­тың қарау құқы­ғынан айыруға болмайды. Судья­лар сот төрелігін іске асы­ру ке­зінде тәуел­сіз және тек Кон­­­­­сти­­туция мен заңға ғана ба­­ғы­­­­нады. Жаза тағайындау мәсе­­­лесі қашанда өзекті. Адамдар сот­­тарды әділетсіз деп жиі айып­­тайды. Мұндай айыптаулардың себе­­­бі – заңды білмеу. Өйткені судья жазаны «өз қалауына қарай және ойына келгеніне қарай» таңда­майды ғой. Ақтау үкімі заң аясында жа­­­салса, ешқандай қауіп жоқ. Сот актісін шығару ке­зінде мате­­­­­­риал­дық және про­цестік құқық нор­малары бұзыл­ған жағ­дайда, ше­шім заң та­лапта­­­­­рына сай күші жойылуға немесе өзгер­­ті­луге жа­тады. Ақ­тау үкімдері са­­­нының аз бо­луына айыптау ба­­ғытына бе­йімділік себеп бо­луы мүмкін. Де­генмен айыптау бағы­тын болдыр­мау үшін реформалар жиі жүр­­­­­­­гі­­­­­зі­ліп, заңнамалық өзге­­­­­рістер енгізілуде. Бұған дейін сотқа де­­йін қамауда отырған сот­­талу­­­­­шы­­­ны ақтау бірден-бір оқиға бола­­тын еді. Соңғы жыл­­­дары 2015 жыл­­­ға дейін­гі кезеңмен са­­­­­лыс­тыр­­­ғанда ауыр және аса ауыр қыл­мыстар үшін ақталған­дардың үлесі 7 есеге өсті.

– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен Асыл ТҰМАР