Бір жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсынып, «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әр­қай­сы­мыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын жария етті.
Сайлауалды бағдарлама қарқынды орындалуда
657
оқылды

Осы бағдарламада Мемлекет бас­шы­сы республиканың жаңа тарихи ке­зеңдегі дамуының негізгі бағыттарын бел­гіледі. Атап айтқанда, құжатта эко­но­микадағы, әлеуметтік саладағы және өңір­лік саясаттағы түбегейлі өзгерістер жө­ніндегі жоспарлар көрсетілген. Пре­зидент өзінің сайлауалды бағдар­ла­ма­сын­да денсаулық сақтау саласына ерек­ше назар аударды. Мәселен, соның аясында осы жылы Ақмола облысына 116 дәрігер мен 140 орта деңгейдегі ме­ди­цина қызметкері тартылды. Жыл сайын­ғы скрининг жүргізу бойынша жос­парлы көрсеткіш орындалды. Бүгін­де Ақмола облысының денсаулық сақ­тау жүйесінде 8,7 мыңға жуық медицина қыз­меткері жұмыс істейді.

2023 жылғы 01 қарашадағы жағдай бойынша дәрігерлердің тапшылығы 54 дә­рігерге (22%) төмендеді, нәтижесінде Ақ­мола облысында дәрігер кадр­лар­дың тапшылығы – 190 (ауыл – 49, қала – 125) маманды құрайды. Медициналық кадрларды ынталандыру мақсатында биыл ауылдық өңірлерге келген 59 ме­дицина қызметкеріне медициналық ұйым­нан тұрғын үй және көтерме тө­лем­дер бөлінді. Қалаға келген 31 дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 

Мемлекет басшысының тапсыр­ма­сы бойынша медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін дәрігерлердің жала­қы­сын жыл сайын арттыру бойынша ша­ралар қабылдануда. Қашықтағы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін көліктік медицина ұйымдастырылды. Облыста 11 жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) жұмыс істейді. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы диаг­ностикалық қызметтер кеңейтуін жә­не заманауи цифрлық шешімдерді пай­далануды қоса алғанда, телемеди­ци­налық қызметтер көрсету жүйесін ха­лықаралық стандарттарға сәйкес­тен­діруді қамтамасыз етуді тапсырды. Те­ле­­медицинаның енгізілуімен қа­шық­тағы аудандар мен ауылдардың тұр­ғын­дарына облыстық және республикалық дең­гейдегі медициналық ұйымдардың ма­мандары ұсынатын білікті медици­на­лық көмек қолжетімді болды. 2023 жыл­дың 10 айында 797 консультация өткі­зілді, оның ішінде 130-ы бейне ре­жи­мінде. 2023 жылда 109 бірлік ме­ди­ци­налық техниканы сатып алу үшін 5,3 млрд теңге көзделген, оның ішінде 2,2 млрд теңгеге 5 компьютерлік томогра­фия аппараты, 1,3 млрд теңгеге 2 ан­гиог­рафиялық қондырғы бар.

Президенттің Жаңа Қазақстанды құру бағытындағы сайлауалды бағдар­ла­масы бүгінде сәтті жүзеге асып келеді. Елдің дамуы үшін бағытталған баста­ма­ларының бірі ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыратын «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Жобаның не­гізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауа­рын өндірушілерді жан-жақты қол­дау, ауыл тұрғындарын аграрлық биз­неске барынша тарту, азық-түлік қауіп­сіздігіне және азаматтардың өмір сүру са­пасын жақсартуға байланысты мә­селелерді шешу. Біржан сал ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруда несиелік комитет 60 млн 520 мың теңге сомасына 15 өтінімді мақұл­дап, 13 өтінімге 58 млн 520 мың теңгеге несие берілді. Бұл жаңа 13 кәсіпкерлік іс ашуына ықпал етті және жаңа жұмыс орын­дары ашылды. Бағдарлама аясын­да жыл сайын еліміздің барлық өңірінде жобаны іске асыруға бюджеттік кре­дит-т­ер берілетін болады. Жоба 2023 жы­лы басталып, 2025 жылға дейін жал­ға­сады.

Нұрлан ҚОСАЙ