Барлығы Нұртасқа жабылып, пышақ сілтеді.
Гүлзира Айдарбекова бір кездері күйеуін пышақтап кеткенін айтты
nur.kz
8,642
оқылды

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасылық өмірінің алғашқы жылдарындағы қиындығын еске алды. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Оның айтуынша, ол кезде үлкен ұлы Қайрат Нұртас бес айлық екен. Оқиға жастардың би кешінде болған.

– Қайраттың бес айлығында жолдасым Нұртасты Павлодар қаласына тәжірибеге алып кетті. Ол кезде Нұртас – Политехникалық институттың студенті. Содан жас отбасы деп институт бізге екі бөлмелі жатақхана берді. Мен сол жерде қалдым. Сөйтіп, екеуіміз екі қалада жүрдік. Павлодар қаласына барғаннан кейін, жас жігіттер би кешіне шығады. 25 бала болып барады. Сол жақтың 50-60 шақты баласына тап болып, төбелесіп қалады, – дейді подюсер.

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, күйеуі әскерден келген шағы. Тепсе темір үзетін күші бар еді дейді.

– 25 баланың бәрі әскерге бармаған. Арасында екі-үш жігіт қана барған. Қалғаны – институттың 1-курсын бітірген 20-ға да толмаған жас жігіттер. Қарсыластарының қолдарында пышақ барын көрген Нұрекең олармен өзі төбелескен. Сол сәтте барлығы Нұрекеңе жабылып, пышақ сұғып жібереді. Осыны естігенімде “бес айлық баламен жесір қалдым ба?” деген ой келді. Қорыққаным соншалық бір орнымда тұрып қалғаным есімде, – дейді ол.