Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Бюро отырысы өтті
599
оқылды

Депутаттардың талқылауына Сингапурмен және Қатар мем­ле­кетімен инвестицияларды кө­­термелеу және өзара қорғау ту­ра­лы екі келісімді ратифика­ция­лау туралы заң жобалары ұсы­нылады. Бұл келісімдер елдер арасын­дағы экономикалық ынтымақтас­тықты нығайтуға, ел аумақтарында инвес­тициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелерді реттеудің тәртібі мен шарттарын айқын­дайды. Сонымен қатар алдағы жал­пы отырыста 1999 жылғы 4 мау­сым­дағы Өнертабыстарды құ­қықтық қорғау саласында мем­лекетаралық құпиялардың сақ­талуын өзара қамтамасыз ету ту­ралы келісімнің қол­данысын тоқ­тату туралы хатта­маны рати­фи­кациялау туралы заң жобасы қаралады. 

Бұдан бөлек, депутаттар «Ха­лық­­­аралық су ағындарын кеме жүр­­­мейтін пайдалану түрлерінің құ­қығы туралы конвенцияны ра­ти­фикациялау туралы» заң жоба­сын қарайды. Аталған конвенция әлем бо­йынша трансшекаралық өзен­дер мен көлдерді және онымен байла­ныс­ты жерасты суларын әділ және тұ­рақты басқаруға жәр­демдесудің жа­һандық құқықтық механизмі бо­лып саналатын негіздемелік құжат болады. 

Жалпы отырыста Мәжіліс ко­ми­теттері ғылым және тех­ноло­гия­лық саясат туралы және дип­ло­матиялық қызмет мәсе­лелері ту­ралы жаңа заң жо­баларын жұмысқа алады. Де­путаттар бас­тамашылық еткен ғылым және технологиялық саясат туралы заң жобасы Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сай­лауал­ды бағдар­ла­ма­сын орын­дау мақса­тында әзір­ленді.