Экономикасы дамыған елдерге ортақ сипаттың бірі – кәсіпкерлік. Түркістан өлкесінде кәсіпкерлік пен шағын өндіріс орындары қарқын алып келеді.
Кәсіпкерлікпен  көркейе түспек
1,831
оқылды

Оның бір дәлелі – өлкедегі шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізуге бағытталған қолайлы бизнес климат. Қазір еліміздегі кәсіпкерліктің басым бөлігі Астана (229 мың), Алматы (343 мың) қалаларынан кейін Түркістан өңірінде шоғырланған.

Облыс әкімдігінің мәліметтеріне сәй­кес, аймақтағы кәсіпкерлер саны жыл басынан 28 мыңға артып, бүгінгі таңда 213 мыңды құрап отыр. Оның ішін­де биыл алғашқы 6 айда шағын және орта кәсіпкерлік секторында 289 мың адам жұмыспен қамтылған, был­­тырғы сәйкес кезеңмен салыс­тыр­ғанда бизнес субъектілері 58 мың адам­ды жаңа жұмыс орындармен қам­тамасыз етті. Кәсіп­­керлердің іскерлік белсенділігі сенімді өсім көрсетуде. Ша­ғын және орта биз­неспен өндірілген өнім көлемі 2023 жыл­­дың қаңтар-маусым аралығында 148 млрд теңгеге артып, 565 млрд теңгеге жетті. Жыл соңы­на дейін өнім көлемін 1,6 трлн тең­геге жеткізу жоспарланған. 

Кәсіпорындар табысының артуына мемлекеттік қаржылай қолдау шаралары тиімді ықпалын көрсетуде. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба арқылы осы жылдың 10 айында бизнес субъек­тілері 21,3 млрд теңгеге жеңілде­тілген несиелермен қамтамасыз етілді. Алдағы 2024 жылда кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиелендіру көлемін 40 млрд теңгеден асыру көзделген. Несиелердің пайыздық мөлшерлемесін төмендету үшін облыс­тық және республикалық бюд­жеттерден қажетті 13 млрд теңге қарастырылған. 

Ауыл халқының жағдайын жақсарту мақсатында Мемлекет басшысының тап­сырмасына сәйкес биылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы 6 бағытта іске асырылуда. Жоба шеңберінде бизнесін бастаймын немесе кеңейтемін дегендерге 2,5%-бен 5 жылға дейін несие беру көз­делген. Бұл мақсатқа бюджеттен 19,8 млрд теңге бөлініп, бүгінгі күнге 16,5 млрд теңгеге 3 мыңға жуық жоба қар­жыланды. 

Қаржылай қолдаулардан бөлек, ша­ғын және орта бизнесті дамыту жо­лында – индустриалды аймақтар маңыз­ды роль атқарады. Өңірде қажетті ин­­­­­­­­­фра­­­құрылымдармен қамтамасыз етіл­ген 9 индустриалды аймақ жұмыс істейді. Бұл аймақтарда 88,2 млрд теңгені құ­­райтын 74 кәсіпорын өз жұмыстарын жүзеге асыруда. Осы жылдың 10 айында индус­триалды аймақтарға  46 млрд тең­геге инвестиция тартылды.

Өндірісті дамыту арқылы табыс көзін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін индустриалды аймақтарды дамытуға басымдылық берудеміз. Осы мақсатта облыс көлемінде қосымша 6 индустриалды аймақтар құрылуда: Шардара, Сайрам және Бәйдібек аудан­дарында – агро-индустриалды аймақтар, Түркістан қаласында және Келес ауда­нында – Қытай инвесторларымен бір­лескен өндірістік индустриалды ай­мақтар. 

Сонымен қатар стратегиялық және экономикалық тұрғыда маңызды – Өз­бек­стан Республикасымен бірлесе Мақ­та­­арал ауданында орналасатын «Ор­талық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылуда. Орта­лық екі ел арасындағы сауда-эконо­ми­калық байланысты дамытуға мүм­кіндік беретін болады. Өңірдегі бизнес-кли­матты және инвестициялық ахуалды жақсарту жұмыстарын біз одан әрі кү­шейте беретін боламыз. 

Сондай-ақ шағын және орта бизнесті қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін шағын өнеркәсіптік парктердің құрылысы басталды. Атап айтқанда, Сауран ауданында 30 гектар аумақта шағын өнеркәсіптік аймақ жобасы іске асырылуда. Жобаға сәйкес алдағы 3 жыл­да 42 өндірістік ғимаратты салу көз­делген. Қазір 11 өндірістік ғимарат­тың құрылысы жүргізіліп, кәсіпкерлерге жеңілдетілген талаптармен ұсынылатын болады.

Өздеріңізге белгілі Түркістан облысы қазір инвестиция тартуға қолайлы ай­­мақ­тардың бірі болып саналады. Ай­мақ­тың географиялық шоғырлануын ес­­ке­ретін болсақ, ауыл шаруашылығы мен туризм бағытында инвестиция тартуға әлеуеті жоғары. 

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі халыққа Жол­­­­дауында әрбір аймақ өзінің әлеуетін ес­керіп, инвестиция бағыттау жұмыс­­та­рын жеделдетуді тапсырды. Биылғы 10 айдың қорытындысымен өңір экономикасына 751 млрд теңгеге инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне өсім 141,3%-ды құрады. Өңірде 2023-2026 жыл­дар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 3,3 трлн теңгеге 16 467 жұ­­мыс орнын құратын 194 инвес­­­тициялық жобаның пулы бар. 

Осы жылдың соңына дейін жалпы құны 103,2 млрд теңгені құрайтын 1959 жаңа жұмыс орны ашылатын 51 инвес­тициялық жобаны жүзеге асыру жос­парлануда. 10 айдың қорытын­­дысымен 85,0 млрд теңгеге 1 230 жұмыс орнын құрумен 39 инвестициялық жоба іске қосылды.

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында ең басты міндет – еліміздің мықты өнер­кәсіп­тік негізін қалыптастыру және эконо­микамыз өзімізді толық қамта­масыз ете алатын жағдайға жету. Сон­дықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беру қажеттілігін айқындады.

Түркістан облысы бойынша соңғы 10 айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 34,6 млрд теңгеге артып, 758 млрд теңгені құрады. Салада 350 аса кәсіпорын жұмыс жүргізеді. Өңдеу өнеркәсібі бойынша да кәсіпорындар сенімді өсім көрсетуде. 2023 жылғы қаңтар-қазан айларында 346,4 млрд теңгеге өнім өндіріліп, 2022 жыл­ғы қаңтар-қазанмен салыстыр­ғанда 19,2 млрд теңгеге ұлғайды. 

Өңдеу өнеркәсібінде 10 айда өсім көрсеткен салалар:

Тоқыма бұйымдарын өндіру – 160,2%, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өн­діру – 119,7%, өзге де бейметалл ми­нерал­дық өнімдер өндіру – 114,1%, ма­шина жасау – 111,2%, жиһаз өндіру – 140,3%. Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі саласында 2023 жылы жалпы сомасы 30,2 млрд теңгеге 594 жаңа жұ­мыс орнын ашатын 20 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бү­гінде жалпы 12,5 млрд теңгеге 404 жаңа жұмыс орны бар 11 жоба іске қосылды.

Экономикасы қарқынды дамып, республикалық бюджет донорлары ара­сында суырылып алға шыққан Түркістан өңірінде сауда, шағын өндіріс орында­рының тиімді жұмыс істеуіне жол ашыл­ды. Осы себептен болар, ел арасында облыс «үлкен мүмкіндіктер аймағы» ата­лып кетті. Шындығында өңірдің эко­но­микалық даму әлеуеті орналасқан аумағымен тікелей байланысты. Алдағы уақытта осы географиялық артықшы­лығы аймақтағы кәсіпкерліктің дамуына алғышарт болмақ. 

Кәмила ДҮЙСЕН