Әнші Ерке Есмахан осыдан бірнеше күн бұрын екінші сәбиін өмірге әкелді. Жеке емханада босанған әнші перзентханада өзіне жасалған жағдайды сөз етті.
"Тазалықты, әдемілікті, жайлылықты жаным сүйеді. Перзентханада өзім мен баламның көңілі үшін палатамды да өзім жабдықтадым. 5 жұлдызды қонақүйде жатқандай болдық. Енді бұйырса, қызды босануға келемін", – деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Сонымен қатар әнші ұлы Исламның қанша салмақпен өмірге келгенін де жария етті. Оның салмағы – 3 620 грамм.
Сондай-ақ суреттен әншіге тарту етілген гүл шоғы мен әншінің өзіне қажетті барлық жабдықты дайындап барғанын да байқауға болады.
Айта кетерлігі, Keruen Medicus жекеменшік медициналық орталық Алматы қаласының жоғарғы жағы, Бұхар жырау 45/1 мекенжайында орналасқан.
Мұнда ананың 20-апта жүктілігінен бастап тіркеп, нәрестенің жетілуін толыққанды қадағалайды. Сөйтіп, нәресте дүниеге келген соң 42 күнде солардың бақылауында болады. Ондай күтім 462 мың теңге тұрады. Әрі қарай нәрестені олардың қадағалауына беремін десеңіз, бұл да сондай сомаға айналады.