Өйткені бұл жай ғана реформа емес, халықтың күші оның өкілдерінің әралуандығымен көрініс табатынын паш ету еді.
Мемлекет басшысы өзгерістердің қуат-күшін парламенттік билікке шоғырландырды. Әрі тек ұсынып қана қоймай, шешім қабылдау процесіне мүгедектігі бар адамдарды қосудың маңыздылығын да атап көрсетті. Парламент қоғамның айнасына айналды. Онда әр азамат өз мүмкіндіктеріне қарамастан ел дамуына үлес қоса алады. Бұл бастама тек сөз жүзінде қалған жоқ, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі жандар үшін платформа жасалды. Олардың сарапшылық қабілеттері мен елдің саяси сипатына қосқан үлесі мойындалды.
Парламент те, мәслихаттар да мүгедектігі бар тұлғалар үшін ой-пікірін жеткізетін мінбер ғана емес, батыл әрекет ететін аренаға айналды. Осылайша, Президент қайырымдылыққа емес, өзара қарым-қатынас пен түсіністікке шақырып отыр. Бұл революциялық бастамада әркім өз үнін қоса отырып, ұлттың симфониясын жасауда. Осынау реформалық жаңашылдықты жаңа дәуірдің манифесі деуге болады. Онда билік ортақ меншікке айналады, ал мүгедектік – біздерді қоғамға қосу мен құрметтеудің асыл үлгісі. Президент баршаға тең мүмкіндіктер есігін ашып қана қоймай, мүгедектігі бар адамдармен бірге ұлттың саяси ұлылығына да жол ашты.