Қазақстан бокс федерациясы Есболат Нұрмановтың жаназасы 5 желтоқсан күні таңертең Талғар қаласы Биеке батыр мешітінде шығарылғанын хабарлады.
Танымал бокcшы Еcболат Нұрманов өмірден өтті
Фото: facebook.com/Ғабиден Жәкей
6,728
оқылды

Танымал боксшы Есболат Шарапұлы Нұрманов 53 жасында дүниеден озды. Бұл туралы  Ғ.Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың директоры Ғабиден Жәкей Facebook  парақшасында жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Суыт хабар.... арамыздан әйгілі боксер Есболат Шарапұлы Нұрманов мәңгілік мекеніне кетіпті. Егеменді елдің тұңғыш профи-боксері, 17 жасында бокстан КСРО құрама командасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Арал өңірінің тумасы. Екеуміз сонау 1987 жылы Ленин атындағы ҚазПТИ-ның Гидрогеология, барлау техникасы факультетінде  бір топта   оқыдық. 1990 жылдардың ортасынан кеден қызметінде жұмыс істеді. Иманың саламат болсын, Алла Тағала алдынан жарылқасын, досым", – деп жазды Ғабиден Жәкей парақшасында.

Қазақстан бокс федерациясы Есболат Нұрмановтың  жаназасы 5 желтоқсан күні таңертең Талғар қаласы Биеке батыр мешітінде шығарылғанын хабарлады.