Бұл сөздің мән-мағы­­на­­сын ашу үшін, ең ал­ды­­мен жас­­­тайы­­нан қа­ра жердің демін сезініп, дала ең­­бегімен шы­­нығып өс­­кен Бер­­­ді­­­бек Са­парбаевтың ғұ­мыр жолына үңіліп, көрнекті мемлекет және қоғам қай­рат­­­керінің болмыс-бітімін, қабілет-қа­­­сиетін танып-білу маңызды деп ойлаймын.
Сыйлы болудың сыры
1,289
оқылды

Бердібек Машбекұлының іскерлік, менеджерлік талабын «әкімдік ресурс» қызметінің қалыптасып, дамуынан көруге болады. Елдегі әлеуметтік-эко­­­номикалық, табиғи-ланд­шаф­тық және мәдени-рухани тұр­­­ғы­­­да әркелкі бес облысты (бү­­­­­­гінде бұл өңірлер 7 об­лысты құрайды) басқарып, жергі­­лікті халықтың жүрегінен жылы орын ала білді. Бұл – кез келген тұлғаның ба­­­ғы­на бұйыра бер­­­­мейтін бақ.

Екіншіден, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан атқа қонып, өмірінің ая­­ғына дейін мемлекеттік мұрат жо­­­лында аян­­­бай еңбек етіп, адамдық пен адал­дық асыл болмысынан айнымай, біз­дерге үлгі-өнеге­­­­нің эталонына ай­нал­ды. Шы­­­­нында Бердібек Машбекұлы қан­дай қызмет атқар­­­масын, халықтың қимас сезімі мен алғаусыз алғы­сына бө­ленгенін көресіз.

Президент Әкімшілігі мен Үкі­метте түрлі деңгейдегі жауап­­­­­­­ты қызметте шың­­­­далған ол 1995 жылы 42 жасында туған жері – Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл ке­зең – Тәуелсіздіктің ірге­­­тасы қала­нып, елдің де, ердің де сыналатын шағы еді. Осы қиын­­­­­дықтарды мойымай кө­­­теріп, өңірдің аяққа тұруы үшін күндіз күлкі­­ден, түнде ұйқыдан қалып, еңбек етті. Кәсіпкер­­­лердің әлеу­­меттік жауапкер­­шілігін күшей­­туге байланысты аймақ­та­­ғы ал­­­ғашқы қадам­­­­дарды жүзеге асыр­­­ды. Мұнай-газ кәсіпорын­дарының об­лыс­­­­тың әлеуметтік қорын қар­­жы­­­­­­лай қолдау ұста­­­нымын қа­лып­тастырды. Ар­найы эко­номи­калық аймақ мәр­­­тебе­­сінің республика өңір­­­лері арасында тұңғыш енгізілуіне қол жет­кізіп, өңірдің дамуына тиім­ділігін дәлелдеді. Ин­женер­­­лік жүйеден өткен жер­­­лерді мақ­с­атты игеру, егістік айналымынан шы­­ғып қал­мауының алдын алу бағытында да қыруар шара жү­зеге асты.

Дотациялы облыс санала­­тын Қы­зыл­орданың келешек тағ­­­ды­ры таразыға тартылған сәтте де оны «болашағы жоқ облыс» са­натынан арылтудың алғы­шарт­тарын жүзеге асырып қана қоймай, Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жо­басын (САРАТС) өмірге әкел­­­ген Бердібек Машбекұлының өзі болды. Кеңес­тік кезеңдегі жоспарлы эконо­­­­­ми­­каның ыды­­­­рауы­нан кейінгі елең-алаң уа­қытта облыс тұрғындарының жылдар бойы қалыптасқан жа­лақысына бере­шек қарыз­­­дарды өтеу мәселесі де бюд­жет­тегі қаржы тапшы­­­лығына қара­мастан Бердібек Маш­­­­бек­­­­­­­ұлы­­­­­ның әкім­дігі тұ­­­­сын­да алғаш еңсерілген еді.

Қызылордадағы ескіден қал­­­ған «мұ­ра» – жылу электр ор­­талығында апат орын алып, қала­­­ның жылусыз қалу қаупі туын­дағанда да Бердібек Маш­бекұлы мамандарға сырттан тапсырма беруден бойын аулақ ұстап, өзі бас бо­лып апат айма­­­ғында күн-түн деместен аяғы­нан тік тұрып қызмет жасады. Қиын сәтте батыл шешім қа­былдауы­ның нәти­­­жесінде, апат зардап­­­тарын жедел жойып, жылу орта­­­лығын қайта іске қосты. Мен мұны сол уақытта Қы­­зылорда қаласы әкімінің аппа­­­­ра­­­тында жетекші маман қызметінде жүріп, өз көзімен көрген азамат ретінде толық сеніммен айта аламын.

Осы кезеңде Жезқазған, Тор­­ғай, Се­мей аймақтары та­рап, өзге облыс­­­тар­мен бірігіп жат­­­­­қан­­­да Қызыл­­­­­орда­­­мыз­дың облыс статусын сақтап қалуы да Бердібек Машбекұлының жанкешті жұ­­­мыстарының нә­тижесі. Осы­­­дан-ақ оның туған жерге деген перзенттік пары­зына адалдық танытқанын та­нуға болады. Сол себепті Қы­­зыл­орданы облыс ретінде сақ­­тап қалу мақсатында Мем­лекет бас­­шы­­лы­ғына Сыр өңі­рінің эконо­­микалық мүм­кіндігі мен Алаш үшін маңызды рухани әлеуетін дәлелдей білуі ол кісі­нің тікелей еңбегі екенін еш­­қашан ұмыт­пауымыз қажет.

Одан кейін 1999-2002 жыл­­дары Оң­түстік Қазақстан облы­­­сының әкімі ре­тінде Шым­­­­­­кентте қордаланған жұмыс­­тарға білек шешіп кірісіп кетті. Шым қалада электр жарығы қайта-қайта сө­ніп, көгілдір отыннан қиылған тұста мә­селенің оң шешілуіне ықпал етіп, іскер­­­­­лігін көрсетті.

Түркістанның 1 500 жыл­­­дығы ха­лық­аралық деңгейде аталып, қалаға Түркі елдерінің рухани астанасы мәртебесі берілді.

Шығыс Қазақстан облы­­­­сы­­ның ор­­­та­­лығы Өскеменде Ленин ескерт­кі­­ші­нің орнына Абай ескерткішін тұ­ғырға қон­­­­­дырып, руха­ниятқа етене жа­қын­дығы­­­мен, елшілдігімен, батылды­­­­ғымен ерекшеленді. Табиғи апат салдарынан орын алған су тас­­­қынымен бел шеше күресуіне тура келді.

Ақтөбе облысындағы қы­­­­тай­­­лық ком­пания мемлекеттік тілді құрметтесін деген талап қойғаны да көптің әлі есін­де. Әлеуметтік нысандар салудың үздік үлгісін көрсетті. Оның халық игілігіне тиімділігін жан-жақты дәлел­­­деді.

Жамбыл облысында бас­та­ған бас­­тама­­­лары да көп. «Үлгілі ауыл» пилот­тық жобасын жа­­­сап, елді мекендерді дамытудың бі­­­ре­­гей концеп­циясын қа­лып­тастыруды бастап, өміршең іске ұйыт­қы болды. Сондай-ақ «Бей­­­­­­­­бітшілік пен келісім», «Мейі­­­рім», «Жомарт Тү­лек», «Асар­ла­­­­тып үй салу», «Таразға тар­ту» секілді игі жобалары ел­діктің ме­рейін асырып, бере­кесін та­­­сыт­­ты. «Тек­­­­­тұрмас» тари­хи-этно­­­­мәдени кеше­ні­нің екінші кезеңі, Тараздағы гим­­нас­тика және үстел теннисі орталығы, «Ана­­­­ға тағзым» ор­талығы, 850 метр­­лік «Үш­бұлақ» жаға­лауы, «Оқушылар са­райының» пай­­­­далануға берілуі соның айғағы. Бүкіл әлемді пан­демия бір та­рының қауы­­­зына сыйдыр­­ғандай күр­де­лі кезеңде де Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев­­тың тап­­сыр­масына сәй­­кес Жамбыл облы­­­сы­­ның әкімі Бердібек Машбекұлы Отарда отандық вакцина шығаратын биофармзауытты іске қосуға жа­нын сала тер төкті. Бұл өз алдына бөлек ау­­­қымд­­­­ы әң­­гі­­менің арқауы деуге болады. 

Өзі басқарған барлық об­лыс­тарда жаңа әлеуметтік ны­­сан­­­дар, жаңа тұрғын үй ке­­­­шендерін, инфрақұры­­­­­лым­­дық жо­­баларды іске асырды. Қайда әкім бол­­масын аудан мен ауыл­дарды аралаудан тын­бай, белгі­­­ленген протоколдан тыс тұр­­ғын­­­­дардың талабын тыңдап, тың­­дап қана қоймай, мәсе­­­ле­лер­дің оң шеші­­­­луіне ықпал ететін.

Иә, халықтың оған деген ықы­­­ла­­­­­­сы­ның негізгі сыры – қай аймақты бас­қар­­­­масын тұрғын­­­­­­дармен емін-еркін кез­­­десіп, жа­қынындай әңгіме-дүкен құрып, мәселесін тың­­­дай­­­­тын. Бұл үшін адамға қара­­­­­­­­пайым­­дылық, кіші­­пейіл­­­ділік, кісілік қасиеті керек-ақ. Міне, Бердібек Машбекұлын өзге­лерден осы қасиеттері ерек­­­­­шелейтін. Егер адам бо­йында мұндай дағды болмаса, онда бәрі жасанды болып көрінетін еді.

– Жергілікті әкімдерге «ма­­ған осы ауылдан жолығамын, арызын айтамын деген адам­­­­дарға ешқандай кедергі жа­са­­маңдар, есіктің алдында кесе-көл­­­­­­де­нең полиция тұрмасын» деген талап қоямын. Алақандай ауылға облыс әкімі келіп жат­­­қан соң, жергілікті тұрғын бас­шыға жолығып, әңгімелесіп, ары­­­­­зын, өтінішін, өз ойларын айтып қалуы керек емес пе? Қайбір кез­­­­­де бір ауылға барсам, екі апта­дан бері ме, жоқ, бір ай­дан бері ме, әйтеуір, жарық жоқ. Әкім ол жағдайды білмейді де… Өзінің үйінде жарық бар. «Осы ауданда 11 жыл­­дан бері әкім екенсіз, бұл қалай болды?» деп едім, жарытымды жауап бере алмады. Сосын айттым, «әкім­­­нің үйінің жарығын қиың­­­дар» деп… Қиып тастап еді, ертеңінде жүгіріп жүріп ана ауылдың жарығын жағып берді, – депті бір сұхбатында.

Расында, ол кісі өзінің жұ­мыс істеу тә­­­сілінде халыққа өте жақын болды. Ха­лықпен етене араласып, мәселені өз көзімен көріп, жұрттың пікірін құла­­ғымен естімейінше жаны тын­­­­бады. Ка­би­нетінде ғана отыр­­­­­май, халықты ара­­лайтын. Мә­­­­­се­­­­­­лені білген бойда бос уәде бермей, нақты шешімін та­­­­ба­тын. Содан болар, оған ең қиын учас­­­келер сеніп тапсыры­­­ла­тыны...

Қайбір жылы Өскемен, биыл Ақ­төбе, Тараз, Шымкент қала­ла­­рында бол­дым. Сонда осы өңірлердің жұрт­шылығы Бердібек Машбекұлы Сапар­­­баевты мемлекет және қоғам қайрат­кері, ірі ұйымдастырушы ретінде мақ­тан тұтатынын, қа­зіргі бас­­шы­­­­­лары­мен оның бас­та­­­маларын салыстыруды әдетке айнал­­­­дыр­­­­ғанын байқа­дым. Тіпті, қай­­­сыбір басшының елге адал­ды­­­ғын, шыншыл­дығын, іскер­­­лігін, уә­деге берік­тігін сал­­­­­­­мақтағанда тара­зының бір басына Сапар­­­­баевты қояды екен. Халықтың шынайы ықы­ласы, құрметі деген – осы! Бұ­дан артық адамға қандай құрмет керек!

Өз басым Бердібек Маш­бекұлымен қызметтес бол­мағаны­м­мен, ол түлеп ұшқан Жаңақор­­ған ауданын басқарған жыл­­да­­ры ағалық ақыл-кеңесін тыңдап, бағыт-бағдар алдым. Әрдайым қара­­­­­­­­пайым қалыбы­нан айны­­май, халықпен ашық араласуға шақыратын. Қолым­нан келге­­нінше Бердібек Маш­бекұлы салған соқпақпен елді мекен­дерді жиі-жиі аралап, елдің мұң-мұқтажын білуге асы­ғатынмын.

Жалпы, Бердібек Сапарбаев аға­­­­мыздың жарты ғасыр бойғы елдік мүдде жолындағы қа­­­­рым­ды қызметін терең зерттеп, жетіс­тігінің сырын ұғып, жас мемлекеттік қызметкерлерге әдіс­­те­­ме­­лік құрал ретінде тара­туға әбден болады.

Өйткені Бердібек Маш­бекұлы – кісілік қасиетіне кір кел­тір­­­мей өткен бі­регей тұлға!

Руслан РҮСТЕМОВ,

Сенат депутаты