Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарын пайдаланудың 2024 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегін жариялады.
Зейнетақы жинағын алу: 2024 жылға арналған жеткілікті шек жарияланды
egemen.kz
4,923
оқылды

Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жеткілікті шек мөлшерлемесі күшіне енеді.

2024 жылға арналған шекті мәндер өзгерген жоқ (шамамен 2023 жылғы деңгейде қалды) және жасына байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейін болды.

20 жастағы қазақстандықтар үшін бұл көрсеткіш 3 миллион 260 мың теңге, 30 жастағылар үшін 4 миллион 580 мың теңге, 40 жастағылар үшін 6 миллион 100 мың теңге болмақ.