Жуырда Qazaqstan дауысы жобасының тікелей эфирдегі сайысы өтті. Әр тәлімгердің тобындағы ең үздіктер іріктеліп, біраз қатысушы жобадан шығып қалды.
Qazaqstan дауысы: әнші Мейіржан Жидебайдың келесі кезеңге өтпегеніне көрермендер қапалы
Qazaqstan.tv
4,907
оқылды

Осыған орай Qazaqstan дауысы жобасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында желі қолданушылары түрлі пікір жазып, байқаудың келесі кезеңіне іріктеуде әділ шешім болмағанын айтып жатыр. Соның ішінде ең көп талқыланып жатқаны – әнші Мейіржан Жидебайдың жарыс жолынан шығып қалғаны. Қуандық Рахымның тобында болған әнші аталған кезеңде Mark Ronson пен Bruno Mars-тың Uptown Funk әнін орындады. Ән айтып, би билеп, сахна жандырған оны зал ішінде де қолдағандар көп болды. Әрі әлеуметтік желіде де оның келесі кезеңге өтпегенін көрермен түсіне алар емес.

Осы жобаны еш фаворитсіз, алдын ала еш қатысушыны танымай көріп бастадым. Алайда Мейіржан бірінші кезеңнен бастап ерекше есте қалды. Өзіне сенімді, бірақ шектен шықпаған, сахнада өзін ұстай білетін және керемет дауыс иесі екенін көрсетті🔥 Финалда өнер көрсетуге әбден лайық еді, өте өкінішті 🥺 Басқа, әлемдік арена жарасады бұл жігітке негізінде. (Қазақстанда таланттарды бағаламайтынын жақсы білеміз), – дейді пікір білдірген желі қолданушыларының бірі.

Басқа да желі қолданушыларының пікірі осыған ұқсас. Олар Мейіржанмен қатар бір топта сайысқа түскен Мұса Марат пен тәлімгер таңдауымен өткен Азамат Бекбергеновті жақсы өнер көрсетті деп ойламайды. Мейіржанмен салыстырғанда, екеуі де финалға лайық өнер көрсетпеген.

Ал тағы бір оқырман:

Жоба басталғалы бақылап көріп келеміз, Мейіржанның өнерін мейірлене тыңдап құлақ құрышымыз қанатын. Отбасымызбен соңғы сәтке дейін жанкүйер болып қолдау көрсеттік. Мейіржанның орындаған барлық туындылары🔥🔥🔥🔥🔥. Халықтың дауысы(таңдауы) деген аты ғана болмаса аудиториясы көп адам ғана өтіп жатырғой😢 Халық неге шын таланттыны көрмейді екен. Мейіржанның даусына ғашық болып өзі қатысқан “Голос детиді” де қарап шыққам. Тәлімгерлерінің берген бағасы таңданысы өте жоғары. Сол себепті бұл кішкене жеңіліске сынба! Жеңіліс деуге де келмейді, өйткені өзіңнің мықты екеніңді дәлелдедің! Өз тыңдармандарыңды таптың, енді тек Мейіржаннан жақсы бір туындылар күтеміз, – дейді.

Айта кетейік, бұдан 3 жыл бұрын Ресейдегі "Голос. Дети" байқауында финалға шығып, Қазақстанның намысын қорғап, орыстілді аудиторияның көзайымына айналған оны бұл жобаға келеді деп ешкім күтпесе керек. Басқаша мәнер, жоғары кәсіби білікпен осы жобадағы да көрерменнің назарына іліккен ол әр сайыс бойы өз биігінен түспей келді. Десе де финал үшін басталған сайыстың бірінде жобадан шеттетіліп қалды.

Сонымен жобаның ресми шешімімен келесі кезеңге жолдама алған қатысушылар:

👉Қуандық Рахымның тобы:
Мұса Марат-39,7℅
Азамат Бекбергенов – тәлімгер таңдауы
Мейіржан Жидебай жобадан шығып қалды.

👉Жанар Дұғалованың тобы:
Ақнұр Исхақ – тәлімгер таңдауы
Мұхаммедәли Жүгінісов – 47,6℅
Алмагүл Батталиева – жобамен қош айтысты.

👉Төлеген Мұхамеджановтың тобы:
Нарғыз Жанұзақова – 46,6℅
Толғанай Пазылақын – тәлімгер таңдауы
Қымбат Жамбылбек жобамен қош айтысты.

👉Маржан Арапбаеваның тобы:
Азамат Төрехан – 45,7℅
Махамбетәлі Әбілда – тәлімгер таңдауы
«BRO» дуэті енді жобада емес.

Фото: Qazaqstan.tv