Тіпті, жұмыс уақытында демалыс қалай берілетінінен де хабарсыз. Сондықтан әрбір азамат жұмыстағы құқығын білуі қажет.
Мысалы, жұмыс уақытының екі түрі бар. Бірінде қызметкер аптасына бес күн жұмыс істеп, екі күн демалады. Мұндай режиммен күніне 8 сағат жұмыс істеу керек. Екіншісінде аптасына 6 күн жұмыс істеп, бір күн демалады. Жексенбі жалпыға ортақ демалыс күні болып есептеледі. Мұндай режиммен қызметкердің жұмыс уақыты 7 сағаттан аспауға тиіс.
Заң бойынша азаматтар Қазақстан Республикасының ұлттық мейрамдарында, кәсіби және басқа да мерекелерде демалуы керек. Ал қызметкерлер жұмыс арасында кемінде бір сағат үзіліс, ол көбіне жұмыс басталғаннан кейін төрт сағаттан соң беріледі. Бұл кезде оларға демалуға, тамақтануға, тіпті жұмыс орнынан басқа жаққа кетуіне болады.
Сонымен бірге Еңбек кодексінде арнаулы үзілістер туралы жазылған. Мұндай үзіліс уақыты суық кезде далада, жылымайтын жабық ғимаратта, жүк тасумен айналысатын қызметкерлер жылынуы және демалуы үшін қарастырылған.
Бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдер жұмыс уақытының әрбір үш сағаты сайын кемінде 30 минут үзіліс алуға құқылы.