"Қызыл-жасыл, көк гүлдер..." – Елордалықтардың гүлге қанша теңге жұмсайтыны белгілі болды
"Қызыл-жасыл, көк гүлдер..." – Елордалықтардың гүлге қанша теңге жұмсайтыны белгілі болды
©Айтжан Мұрзанов
781
оқылды
8 наурыз – қыз-келіншектер қауымына ерекше бір серпіліс пен қуаныш сыйлайтын көктем мерекелерінің бірі. Халықаралық әйелдер күні келіп жетсе де, Қазақстанның басым қалаларында әлі де аяз ызғары кетпеген. [caption id="attachment_26078" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Тіпті көшелерде мерекеге дайындалып жатқан көріністі де байқамадық. Тек гүлдер дүкенінде алғашқы көктем гүлдерінің иісі мен мерекенің көңіл-күй байқалады.   width= Сонымен Нұр-Сұлтан қаласындағы гүлдер бутигін аралап, мерекеге қарсы гүл шоқтарының бағасын білуге тырыстық.  width= Көтерме саудадан бір құшақ гүл алған азаматГүлдің көтерме саудасымен айналысатын Kazflor, Nicole орталықтарында қызғалдақтың біреуі – 500 теңге. Ал тапсырыс берсе 600 теңгеге түседі. [caption id="attachment_26101" align="alignnone" width="1024"] width= Цветы для вас бутигі[/caption] Мереке қарсаңында ірі компаниялар гүл шоғын көп алады, тиісінше бағасын да түсіріп әлек болады. Сатушылар гүлдің көтерме бағасына 30 пайыз үстеме қосады. Алайда мереке күнінде бұл гүлдердің бағасы тіптен шарықтап кететінін жасырмады.  width= Өйткені, шетелде де сол күндерге орай гүлдің бағасы өсіп кетеді. Оған қоса, тасымалдауы бар, кеденнен өтуі және салығы тағы бар. Ал тапсырыспен қымбатқа алынған гүлдер кейде өзін-өзі ақтамай қалады. Мәселен, сол ірі голланд раушанының өміршеңдігі – 5-ақ күн.  [caption id="attachment_26103" align="alignnone" width="1024"] width= Цветы для вас бутигі[/caption] Ал Сәкен Сейфуллин 20 көшесінің бойындағы "Цветы для вас" бутигінде қызғалдақтың бағасы – 500 теңге. Онда да "жергілікті жерден жеткізілген соң, арзан баға қойылған" дейді дүкеннің иесі.   width= – Негізі, көктемге қарсы көбіне қызғалдақты сатып алады. Біздегі қызғалдақтар Степногорсктан әкелген. Жалпы, гүлдерді Нидерландыдан, Эквадор  мен Кениядан алдыртамыз, – деді Рахман.  width= Қауызы кішкене раушан гүл көтерме саудада – 700 теңге. Ал сауда бутигінде голланд раушаны – 900, 1000, 1200 теңге. Мұнда гүлдің бағасы ұзындығына байланысты өсе береді. Kazflorда осы раушан 1600-2000-нан басталып тұр.  width= – Біз гүлді мүлдем Қытайдан алмаймыз. Оның үстіне, коронавирусқа қатысты түрлі әңгімелер тарап жатыр, сондықтан ол жаққа жоламаймыз, – дейді "Цветы для вас" бутигінің иесі. [caption id="attachment_26066" align="alignnone" width="1024"]гүл Рахман гүл бутигінің иесі[/caption] Мәселен, мына гүл шоғы 30 мың теңге тұрады. Қораптағы раушан гүлін сатып алушыларға қымбатқа түседі. Барлығы раушан санына және орам көлеміне байланысты. Мысалы, қара стильді қораптағы 45 раушан гүл шоғы 35 мың теңгеге сатылады.  width= Гүл сататын бутиктердің әрқайсысында баға әртүрлі. Мерекеге дейін 3000-3500 теңгеге сатылған гүл шоғы бүгін 5 мыңнан саудалануда. Дәл мереке күні одан әрі өсетіні белгілі.   width=8 наурызда өтімі жақсы тағы бір гүл – лия. Оның бір талы – 3 мың теңге. Егер гүл шоғын жасаса 10 мың теңгеге шығады.  width= Рахман бүгін саудасының қызбай тұрғанын жеткізді. Негізгі сауда мерекенің алдыңғы үш күнінде болады, сатушы соған дайындалып жатыр. 7-8 күндері тәулік бойы жұмыс істейді екен.  width= Заманына орай саудасы дегендей, сатушы әлеуметтік желі арқылы да тапсырыс қабылдайды. Сол күндері осы гүлмен бірге ойыншықтардың да сұранысқа ие екенін айтты.  width=