Алайда бұл мәселе талқыға түсіп жатыр.
Қазақстанда лотос фестивалі өтеді
1,057
оқылды

Биыл Атырау облысы, Құрманғазы ауданында шілде айының бірінші онкүндігінде лотос фестивалі өтеді деп жоспарланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құрманғазы ауданы – еліміздегі лотос ірі көлемде өсетін жалғыз аудан. Алқап Қиғаш-Шора өзені бойында орналасқан. Аумағы 5 мың гектарды алып жатыр. Көбіне лотос шілде айының ортасында гүлдеп, тамыз айы аяқталғанша жайнап, құлпырып тұрады. Былтыр сол көріністі тамашалау үшін өңірге күніне 50-ден аса турист келген. Мұны ескерген жергілікті атқарушы билік биыл лотос фестивалін өткізбекші. Жалпы, Атырау облысының туристік әлеуеті жайлы Президент  Қ.Тоқаев:

 «Облыстағы туризмді дамыту – маңызды міндеттің бірі. Әрине, Атырау мұнайымен әйгілі. Бірақ мұнда туристердің қызығушылығын туғызатын басқа да рухани құндылықтар бар. Оны бүкіл Қазақстанның брендіне айналдыруға болады. Алдымен өлкенің тарихи-мәдени мұраларына айрықша мән беру қажет. Сарайшықты ел ішінде және шет мемлекеттерде дәріптеуімізге болады. «Орта ғасырлық Сарайшық» жобасын соңына дейін жеткізу керек. Сондай-ақ арнайы визит-орталықты уақытылы іске қосу маңызды. Көне қаланың орнын туристік нысан ретінде дамытуға және оның танымалдығын арттыруға арналған тұжырымдама әзірлеу қажет. Бұл – бүкіл Қазақстанның туризм саласы үшін маңызды», - деген еді.

 

Фото: ser-per.kz