Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың бес түрі мен 10 дисциплина бойынша 42 спортшы қорғайды. Атап айтар болсақ, биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынайды.
Азия құрлығы алғаш рет қабылдайтын жастар ойындарына Қазақстан 10 бағдарламада 42 спортшы апарады. Ал делегация сапында ресми өкілдер, бапкерлер, дәрігерлер мен БАҚ өкілдерін қосқанда 80-нен астам адам болады.
Барлығы бәсеке кезінде 79 мемлекеттен жиналған 1 900-ге жуық атлет күш сынасады деп жоспарланған.