Бұл жайында Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
1,426
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Брисбен турнирінде жеңіске жеткен Елена Рыбакинаға жылы лебізін жолдады, деп хабарлайды Aiqyn.kz.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның байырғы қарсыласын жеңіп, Брисбен турнирінің жеңімпазы атанған болатын.