Олигархиямен күрес жаңа деңгейге шығуы мүмкін. Үкімет олигархиялық топтардың тірегі болған «экономикалық концентрациямен» пәрменді күреске кірісті.
Араны ашылған олигархтар ауыздықталады
3,592
оқылды

Оның заңна­малық тұғыры түзіліп жатыр. Өйткені Президент Қ.Тоқаев Қазақстанда олигархтық ка­пи­тализмнің заманы өтіп, ел азаматтарының алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті се­зінетін кезең жеткенін ескерткен болатын. Мемлекет басшысы айтқандай, Әділетті Қа­зақстанға халық алдындағы жауапкершілігін сезінетін, мемлекет пен экономиканы бірінші орынға қоятын бизнес керек.

Монополия неге марқайды?

Мұндай бизнеспен мемлекет «конс­трук­тивті диалогке және өзара тиімді серіктестікке әзір». Ал әділдікті аяқасты етіп, арам­дық алға озатын, заңды белден басып, қара басының мүддесін ғана бас­шылыққа алатын қар­жылық-өнеркәсіптік топтарға аяушылық болмағаны абзал. 

Осы орайда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі алда Мәжіліске «Кейбір заңнамалық актілерге бәсекелестік мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасы­мен кірмек. Мемлекет басшысының тап­сыр­масымен әзірленген құжатта эконо­ми­калық шоғырланумен күреске баса мән берілген.

Республикада көп саланың моно­полияланғанын Парламент депутаттары жиі сөз етіп жүр. Ал ұлттық заңнама мо­­­нополиялық жағдайдың туындауына және бәсекелестікті шектеуге жол бер­меу тетіктері мен нормаларын қарас­тырады. Онда олар неге жарамады? 

Өйткені 30 жылдан астам уақыт ішінде олигархтар ол тосқауылды ай­на­лып өтудің сан алуан жолын салып алды. Мысалы, монополияға қарсы заңнамаға және 2015 жылғы 29 қазанда елімізде алғаш рет қабылданған Кәсіп­керлік ко­­дексіне сәйкес, монополияға қарсы ор­ган, яғни қазіргі Бәсекелестікті қор­ғау және дамыту агенттігі алпауыт биз­нес объектілерінің бірін-бірі және өзге ұсақ компанияларды тегіс «жұтып» қой­мауын, қосып алмауын бақылайды. 

Сондықтан нарықтағы ірі ойыншы өзге алып қарсыласын өзіне қосып ал­ғысы келсе немесе ұсақтау субъек­ті­­лер­­­ді жаппай сатып алуға ынтықса, онда ол антимонополиялық органның рұқ­­­сатын алуы керек. Мұны «аса ірі мә­­­мілелерді келісу» деп атайды. Ве­­­дом­ст­­­во мұндай сатып алудың соңы неге соқтыратынын, соның салдарынан на­­рықтың монопо­­­лияланбауын ба­ғамдап, не мәмілеге келісім береді не­­­­месе одан бас тартады. 

Бертінде бұл талап біршама қатай­тылды. Бұдан былай компанияны то­лықтай емес, оның акцияларының жар­тысын сатып алуды қаласа да мем­­­­­­­ле­­­­­­­­­­­­кеттен  рұқсат сұрау қажет болады.

Мәселен, Кәсіпкерлік кодекске сәй­­кес, компания акцияларының, қатысу үлестерінің 50%-дан астамын сату-са­тып алу бойынша ірі мәміле жа­­сау ке­зінде монополияға қарсы орган­ның алдын ала келісімі талап етіледі.

Кеңес құрамындағы «құпия»

Олигархиялық топтар монополияға қарсы органмен осы келісу рәсімін айна­­лып өтудің, одан рұқсат сұрауға жү­гінбеудің амалын тапты. Агенттік сарап­шыларының пікірінше, бұған қолданыс­тағы заңнаманың өзі мүмкін­дік береді.

Мұндай кесірлі норма Кәсіпкерлік кодексте қарастырылған. Бұл кодексті әзірлеуге алаяқтығы үшін күдікке ілігіп, Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының шешімімен 2023 жылғы мамырдан бері қамауда отырған, ұзақ жыл «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын басқарған Абы­­­лай Мырзахметов белсенді атсалысқаны мәлім. 

Сонымен, дәл осы Кәсіпкерлік ко­дексінің 201-бабында: «егер мұндай мә­мiле бiр тұлғалар тобының iшiнде жасал­са, экономикалық шоғырлану деп та­­­­ныл­майды» деп бекітіліп, жеңілдік бе­рілген. Яғни, сату-сатып алу мәміле­лері компанияның өз ішінде, өз тұлғала­ры тобының арасында жүрсе, онда мо­­но­полияға қарсы ведомствоның еш­­қандай келісімі талап етілмейді. 

Сөйтіп, «бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» дегендей, жал­пақ жұртқа жайыла бермейтін жасы­рын ойындарға жол салып берді. 

Сарапшылар кодекстегі «тұлғалар то­бы» деген ұғымының ауқымы кең еке­ніне назар аудартады. Халыққа біл­дір­­мей, тұтас салаларды шайнамай жұ­тып жатқан олигархия осыны пайда­­­ланады: мысалы, бұрынғы билікке жа­қын болған тұлғалар мен бизнес­мендер бәсекелес компанияны сатып алу үшін (басып алу үшін деп те оқуға болады) түрлі амалмен сол компа­ниялар тобы­ның «Бақылау­­шылар кеңе­сінің» құра­мына кіріп алады. 

Құрамына ену үшін бұрынғы жыл­дары компания қожайындарын қорқы­тып-үркіту, бопсалау, әкімшілік ресурсты, құқық қорғау органдарын, ақ­парат құралдарын қолданып, қудалау сияқты қарау қарекеттерден де тайын­бағаны енді әшкереленуде. 

Ары қарай кеңес құрамына кірген жаңа тұлға сол компанияның акция­ларын тегіс немесе бақылаушы паке­тін өз қолына көшіріп алса, бұл «эко­но­­­микалық шоғырлану» деп са­нал­­­­­­­­майды. Тиі­сінше, антимо­­­нополиялық орган­­ның ол мәмілеге қол сұғуына, елге жа­­рия­­лауына заңмен тыйым салынған.

«Кодекске сәйкес, мәмілелер тұлға­лардың бір тобының ішінде болған кезде монополияға қарсы органның келісімі талап етілмейді. Бақылаушылар кеңесі­нің құрамына сол адамдардың кіруі де жеткілікті. Болашақта мұндай жағдай­­ларды болдырмау үшін келісу шектерін қайта қарауды және эко­­но­микалық шо­­ғырлану процестеріне бақылауды кү­шейтуді көздейтін қол­даныстағы заң­на­­маға өзгерістер енгізу бойынша шұғыл шараларды қабылдау қажет», – деді Бә­­секелестікті қорғау және дамыту агент­­­­­­­тігінің сарапшылары.

Құзырың бар, қимылда, агенттік!

Заң жобасында ондай өзге­ріс­тер­дің тұтас тобы қарастырылған. Мә­селен, аталған 201-бап түзетіледі. Мұ­ның сыр­­­­­тында жаңа заң қабыл­данса, әлде­­бір тұл­ға кез келген нарық субъек­­тi­­сi­нiң, ком­панияның, кәсіп­­­орынның, банк­­­тің және басқасының бұрынғыдай 50% емес, енді 25% дауыс беретiн ак­ция­­ларын, жарғылық капиталға қа­тысу үлес­терiн, пай­­ла­рын сатып алса бол­ды, осының өзі «эко­номикалық шо­­­­­ғырлану» деп есептелетін болады. 

Яғни, антимонополиялық орган ол тұлғаның мәмілелерін «лупаның» ас­тында, мұқият қарауы тиіс.

Антимонополиялық агенттік тағы бір құзырға ие болғалы тұр. Оған сәйкес, бұл ведомствоның келiсiмiнсiз жасалып, «нарық субъектiсiнiң немесе тұлғалар тобының үстем немесе монополиялық жағдайын орнықтыруға, бәсекелестiктi шектеуге алып келген экономикалық шо­­ғырлануды» сот монополияға қарсы ор­ган­­ның талап қоюы бойынша жа­­­рамсыз деп танитын болады. 

Осы және өзге де өкілеттіктерін те­геу­рінді қолдануы, сөйтіп, шектен шы­­ғып, астамсыған алпауыттарды жөнге келтіруі – агенттіктің қанша­­­лықты пәр­менді қимылдап, әділдікке құштар­лық танытатынына байланысты бо­­­лады.

Бұрынғы жылдары «жұтып қою және қосып алу» құбылысының белең алға­нын келесі мәліметтен білуге болады: Қа­зақ­­станда компанияларды біріктіру және сатып алу мәмілелерінің (М&А мә­мілелерінің) көлемі тек соңғы 10 жыл­­­да шамамен 45 миллиард долларға же­­тіпті. Мұндай төбе шашты тік тұр­­­ғыза­­­­­тын деректер «Бәйтерек» ұлт­­­­­­­­тық бас­­­­­­қарушы холдингінің еншілес ұйымы – Qazaqstan Investment Corporation компаниясы Baker Tilly халықаралық консалтингтік ком­паниясымен бірлесіп дайындаған есепте айтылған. 

Онда жазылғандай, жалпы сомасы 45 миллиардтай доллардың ішінде 4,8 миллиарды рrivate equity қағидаты бойынша жүзеге асырылған тікелей ин­вестициялық қорлар мен отбасылық кең­селердің қатысуымен жасалған мә­мі­лелердің еншісіне тиіпті. 

2012 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта М&А мәмілелерінің көлемі мен саны әр кезеңге байланысты айтар­­лықтай құбылып, бірде өршіп, бірде басылып тұрды. Соған қарамастан атал­ған он­жылдық кезеңде follow-on инвес­­ти­цияларын қоса алғанда, жалпы құны 49,7 миллиард долларға бағаланған ак­ция­­­ларға қатысты 360 мәміле жасал­ған екен. Осылайша, он жыл ішінде жылына орта есеппен 4,9 миллиард доллар көле­міндегі 36 мәміледен бекітіліп отырған болып шығады. 

«Жұтып қоюға» құмар, жұтқыншағы терең алпауыттарды банк, қаржы сек­торы, мұнай, газ, энергетикалық кешен­дер сияқты қуат көздері, материалдар өндірісі сияқты салалар көбірек қызық­­­тырған екен. 

Әрине, жаңа заңнамалық түзетулер алда болатын жаңа мәмілелерді реттейді және болашақта нарық субъектілерінің бүкіл тізгіні бір қолда шоғырлануына тос­­па құрудың шараларын көздейді. Бірақ бұрын бекітілген заңсыз мәмілелер де құзырлы органдардың назарынан тыс қалмағаны жөн. Онымен күрес Прези­­денттің тағы бір бастамасы – заңсыз ием­денілген активтерді мемлекетке қай­тару аясында қолға алынды.

Елдос СЕНБАЙ