Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Aikyn.kz «Қазавтожолға» сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, Абай облысында - 1 учаске
1. «Омбы-Майқапшағай» 910-1002 км, Қалбатау а.-Көкпекті а. дейін - 92 км.
(боран, шектеулі көрініс)
Шығыс Қазақстан облысында - 1 учаске
1. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман кілттері» 6-166 км, Ушанов а. – Алтай қ. - 160 км. Ескерте кетейік, қар көшкінінің қаупі бар.
Қазіргі кезде республикалық маңызы бар автожолдардың қарын күреуге 395 бірлік техника және 556 жұмысшы жұмылдырылды.