Үш облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Aikyn.kz «Қазавтожолға» сілтеме жасап хабарлайды.
Ауа райына байланысты Жамбыл облысында – 2 учаске
1. «Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша-Бибі а. – Түркістан обл. шек. – 59 км.
2. «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а. – Қайнар а. – 79 км
Жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.
Солтүстік Қазақстан облысында – 2 учаске
1. «Булаево-Возвышенка-Малогвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 65-194 км, Возвышенка а. – Қиялы а. – 129 км.
2. «Көкшетау-Омск» 213-280 км, Кішкенекөл а. – РФ.шек. – 67 км.
Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.
Түркістан облысында – 1 учаске
1. «Алматы-Ташкент-Термез» 593-654 км, Жамбыл обл. шек. – Жібек Жолы а. (Машат өткелі) – км.
Жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.
Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 827 бірлік техника және 1533 жұмысшы жұмылдырылды.