Мектеп оқушысы аяқасты жоғалып кеткен.
«Анасы мен өгей әкесі күдікті...» – жақындарының қолынан ажал құшқан 14 жастағы қызды жерледі
1,004
оқылды

Қыз Жаңа жыл қарсаңында жоғалып кеткен. Екі айға жуық ешкім көрмеген. Мереке қарсаңында Ресейден келген сәлемдеме болмаса, қызды ешкім іздемейтін бе еді?.. 

Он төрт жастағы Карина Дорохинаның мәйіті осыдан бірнеше күн бұрын Текелі қаласы маңындағы тау бөктерінен табылды. Мәйітті бүгін жер қойнына тапсырды. 

 

Облыстық полиция департаментіндегілердің айтуынша, қыздың өліміне күдікті ретінде марқұмның анасы мен өгей әкесі қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысын министрлік тікелей бақылауына алды.

Бұған дейін  14 жастағы қыздың өлімі туралы егжей-тегжейлі жазған болатынбыз. 

Болат АБАҒАН