«Қазгидромет» 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктер 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Фото: gov.kz
4,631
оқылды

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

Астанада күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші – 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні – 23-28 м/с. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облысының батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында – 15-20, екпіні –23 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында – 15-20, екпіні – 23 м/с.

Шымкентте түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні – 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының батысында қатты қар, облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. 

Ақтөбеде 13 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады түнде екпіні – 15-20 м/с.

Қостанай облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Алматы облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында екпіні – 18-23 м/с.