Қазақстанда әрбір алтыншы жұп бедеулікке шалдыққан. Ресми деректерге сүйенсек, қазір елімізде бедеулік диагнозымен 21 мыңнан астам отбасылық жұп есепте тұр.
Пробиркадан басталған өмір
7,893
оқылды

Дәрігер мамандар бедеулікке алып келетін себептің көп еке­­­нін айтады. Сондықтан «әлі жас­сың» деген жұбату сөзден гөрі бала сүйе алмай жүрген жұптарды дәрі­гер­ге баруға шақырған жөн», – дейді ма­мандар.

Репродуктолог, І санатты акушер-ги­неколог Баян Дүйсенованың ай­туынша, бедеулікке түрлі жағдай се­беп болуы мүмкін. «Сәби сүйсем» де­ген үмітпен ем алуға  келіп жүрген па­циенттердің қатарында 20 жасқа ен­ді толатын келіншектер де, 50 жас­тағы әйелдер де бар.

«Ерлі-зайыптылардың қабыну ау­руына шалдығуы, төсек қаты­на­сына ерте жастан түсуі, түсік жасату, туа­бітті ақаулар мен экологиялық ауыр жағдайлар да бедеулікке әкелуі мүмкін. Тіпті, оң жақта отырған қыз ба­л­алардың цикл бұзылыстарына да көңіл бөлу қажет. Дер кезінде маманға қаралып, сауатты шешімдер қабыл-дау – өз денсаулығына жауапкер­ші­лік­пен қарау дегенді білдіреді. «Тұр­мысқа шыққан жоқ» деп қыздардың ги­некологқа бармауы да кері әсер ету­ші фактор. «Басың жас, әлі де кө­те­ресің» деп уақыт созуға да бол­май­ды. Ең басты ескеретін жайт – бе­деу­лік әйел адамға ғана қатысты емес, 45-46 пайызы ер адамға қатысты бо­­лады. Негізінде, бізге келген әр от­­ба­сының өз тарихы, өзіндік қиын­дығы болады. Шыны сол, қазақы мен­талитетіміз шығар, көбіне кінәні әйелден іздеуге бейімбіз. Шын мә­нін­де, мәселе екі жақтан да болуы мүм­кін, соны ескере бермейтініміз өкі­­­нішті», – дейді маман.

Әлеуметтанушы-ғалымдар Қа­зақ­станда сәби сүйе алмағандықтан, әрбір алтыншы отбасының ажырасып тынатынын алға тартып отыр. Әрине, жа­санды жолмен сәбилі болу про­це­дурасын кез келген отбасының қал­та­сы көтермей жатады. Өйтпегенде ше, жасанды ұрықтандыру қыз­ме­ті­нің орташа құны 1 миллион теңгенің ша­масында бағаланады. ЭКО жаса­ту­ға алғашқы талпыныстары сәтті шықпай, қолын сілтегендер  де бар. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­та­ма­сымен жүзеге асырылып жатқан «Аң­саған сәби» бағдарламасы жыл сайын ел бойынша 7 мың бүлдір­шін­нің өмір есігін ашуына ықпал етуде.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы ая­сында ЭКО қызметін Қазақстандағы 19 ірі медициналық орталық әлеу­мет­тік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы көрсетуде. 

Бедеулік бойынша Атырау об­лы­сында 1000-нан астам отбасылық жұп есепте тұр. Кешенді жүргізілген ем-ша­ралардың арқасында жасанды ұрық­тандыру жолымен соңғы үш жыл­да облыста 60-тан астам сәби өмір­ге келді. 

Сәби сүйгісі келетін, бірақ «бе­деулік» немесе «белсіздік» диагнозы қойылған отбасылық жұптар «жа­сан­ды ұрықтандыру» қызметіне жүгінуі үшін тіркелген жері бойынша ем­ха­наға барып, бедеулігі бар диспан­сер­лік пациенттердің электронды ті­зі­міне қосылуы қажет екен. «Арнайы тек­серуден өткеннен кейін маманның қорытындысымен пациенттің құ­жат­тары жергілікті комиссияға жібе­рі­леді. Оң шешімі шыққан соң арнайы пор­талға тіркеп, дайындық баста­ла­ды. Бағдарлама қатысушысы кли­ни­каны өзі таңдайды», – дейді реп­ро­дуктолог, І санатты акушер-гинеколог Баян Дүйсенова. 

Жасанды ұрықтандыру жо­лы­мен ана болу бақытын сүй­гендердің қатарында 52 жасында жүк­ті болып, алғашқы нәрестесін өмір­ге әкелген атыраулық Айгүл Би­сен­баева да бар. Салмағы 3 келі,  70 грамм, бойы 51 см болып өмірге кел­ген шақалақты дәрігерлер анасының ішін жарып алу арқылы аман алып қалды. 50 жасында тұрмысқа шығып,  бедеуліктен емделіп, сәбилі болған ана осылайша талай отбасына үміт сыйлады. 

Аты-жөнін атамауды өтінген Р. есім­ді кейіпкеріміз «Аңсаған сәби» бағ­дарламасының жемісін көрген бақытты ананың  бірі. Жасы 30-да. Ке­ліншек сәби сүю бақытын 12 жыл күт­кен. «Тұрмыс құрғалы уақытым­ның негізгі бөлігі жағалай ем іздеумен кетті. Атырау, Ақтөбе, Ресейдің Аст­ра­хань қалаларына барып, дәрігер­лер­ге қаралдық. Нәтиже болмады. Бір қуа­натыным, екі жақтың ата-анасы да қолдап, үмітіміздің үзілмеуіне себеп болып келді. Таныстарымыздың арасында бала асырап алу арқылы не­кемізді сақтап қалуға  кеңес бер­ген­дері де болды. Ішкі сезімім «өз бө­пе­міз болады» дейтін, алдамапты. Осы мәселе туралы көп оқып, ізден­дім. Атырауда арнайы клиниканың ашылғанынан да хабардармын. Алай­да бірден шешім қабылдаған жоқпыз. Өйткені өзге медициналық клини­ка­ларда қаралған кезде «табиғи жолмен ба­лалы болу мүмкіндіктеріңіз бар» де­ді. Алайда ойлана келе «Атырау эко­мед» клиникасына келдік. Тек­серілген соң, квота алу үшін құжаттар жинадық. Ұзақ жолдан өтіп, жүкті болдым, – дейді келіншек.

Репродуктолог-дәрігер, аку­шер-ги­неколог Баян Дүйсе­но­ваның ай­туын­ша,  50 жастан кейін тіп­ті ЭКО кө­мегімен балалы болу оқи­ғасы өте си­рек кездесетін құбы­лыс. «Қазір әйел адамдардың арасын­да климакс «жа­сарып» барады. Егер бұрын кли­макс 44-58 жаста баста­латын болса, қа­зір ол 37-38 жаста-ақ тір­келіп жа­та­ды. Осындай құбы­лыс­пен бетпе-бет келген емделу­ші­лерім­нің арасын­да 29 жастағы әйел адам да бар», – дейді маман. 

Сондықтан да мамандар әйел­дер­ге де, ерлерге де денсаулығын жас­тайы­нан күтуге, дұрыс тамақтануға, са­­ламатты өмір салтын ұстануға, қан­­дай ма бір проблемалар туындаған жағ­дайда ертерек мамандардың кө­мегіне жүгінуге шақырып отыр.

Еске сала кетсек, жасанды жол­мен ұрықтандыру әдісі елімізде алғаш рет 1995 жылы қолданысқа енді. Сол жылғы 18 сәуірде негізі қаланған ел­дегі алғашқы экстракорпоралды ұрық­тандыру (ЭКҰ) зертханасында 1996 жылдың 31 шілдесінде  тұңғыш сәби дүниеге келді. «Пробиркада» ба­ла өсіру жобасының авторы əрі же­текшісі – елдегі алғашқы клиникалық эмбриолог Салтанат Байқошқарова. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде мамандардың көмегімен 22 мыңнан ас­там бала дүниеге келіпті.

Баян ЖАНҰЗАҚ,

Атырау облысы