Индонезия астанасы Джакарта қаласында 5-18 қаңтар аралығында Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Екі спортшы Париж Олимпиадасына лицензия ұтып алды
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті
2,227
оқылды

Нысана көздеуден отандастарымыз 2 жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Aikyn.kz Спорт және туризм министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

50 метрлік қашықтықтан жылжымалы нысанаға винтовкамен ату сайысында Александра Ле 7-орынға тұрақтап, Париж Олимпиадасына баруға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, бұл бағдарламада бұған дейін 2023 жылы Азия чемпионатында Арина Алтухова жолдама алған еді.

 

Фото: Jiang Qiming/China News Service/VCG via Getty Images 

Ал 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен сынға түскен Никита Чирюкин іріктеу кезеңінде 584 ұпай жинап, финалға өтті. Сонымен қатар жерлесіміз Париж Олимпиадасының да квотасын иеленді.

Осылайша, әзірше нысана көздеуден ел қоржынында Париж Олимпиадасының 5 жолдамасы (Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле, Никита Чирюкин) бар.

Айта кетейік, нысана көздеуде лицензия спортшының жеке өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі.