Семинар аясында тәжірибелі педагогтер шығармашылық шеберханада, психология және жасанды интеллект бойынша білімімен және озық іс-тәжірибесімен бөлісті.
Жұмыстың интерактивті форматтарының арқасында қатысушылар жаңа технологиялар мен психологиялық тәсілдерді үйреніп қана қоймай, оларды тәжірибе жүзінде қолдана алды.
Басты міндет - «Ақылды мектеп оқушылары» жобасымен таныстыру. Мектептің мәжіліс залында білім беру саласындағы сарапшылардың қатысуымен подкаст-сессия өтті.
Іс-шара барысында «10-11 сынып оқушыларына арналған практикалық қолданбалы психология» авторлық бағдарламасы және білім беру практикасында жасанды интеллект элементтерін тиімді пайдалану және оның оқушылардың дамуына әсері туралы мәселелер қозғалды.
Семинарға қатысушылар мектептегі білім беруде жаңа технологияларды келешекте дамытуды талқылауға мүмкіндік алды. Олар сондай-ақ оқу процесіне практикалық қолданбалы психологияны енгізу тәжірибесімен алмасты.
Медеу ауданының мектептері мен IT-мектеп құзыреттілік орталықтары арасында өзара байланыс, сондай-ақ STEM-білім беруді дамыту платформасы құрылды. Мектептің екінші қабатында қала оқушыларының инновациялық жобалар көрмесі өтті.
«Ақылды мектеп оқушылары: Практикалық қолданбалы психология және Жасанды интеллект» семинары қазіргі заманғы білім беру саласындағы маңызды қадам болды.
Ол жасанды интеллекттің әлеуеті мен мүмкіндігін көрсетіп қана қоймай, психологиялық әсердің маңыздылығын да атап өтті.
Мұндай іс-шара педагогтердің біліктілігін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, білім беру мекемелері үшін инновациялық идеяларды жүзеге асыруға ынталандырады.
Осындай іс-шаралар мен семинарлар жиі өткізіліп, білім беру жүйесін одан әрі дамытуға және ақылды оқушылардың зияткерлік және шығармашылық дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді деп үміттенеміз.