«Қазгидромет» мамандары ауа райына байланысты 9 өңірде ескерту жариялады.
Ауа райына байланысты синоптиктер 9 өңірде ескерту жариялады
3,395
оқылды

22 қаңтарда Қызылорда облысында жел соғады. Облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 22 қаңтарда жел шығыстан соғады. Түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өңірдің батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда 22 қаңтарда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, тұман күтіледі. Оралда 22 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысының басым бөлігінде қарлы бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласында 22 қаңтарда қарлы бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте 22 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Алматы қаласында 22 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

22 қаңтарда таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.