Павлодарда тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Оған елдің 17 облысынан 130-ға жуық спортшы қатысуда.
Тоғызқұмалақ – қызықты тартыс
1,319
оқылды

Олардың ішінде 5 еңбек сіңір­ген спорт шебері, 23 спорт шебері және 74 спорт шеберіне үміткер бар. Үздіктер рапид және блиц турнирлерінде таңдалады. Әр но­ми­нация бойынша алтын және күміс жүлдеге қол жеткізгендер сәуір айында Түркияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады. Жарыс қорытындысы 25 қаңтар күні белгілі болады. 

– Тоғызқұмалаққа алтыншы сыныптан бері қатысып жүрмін. То­ғызқұмалақ өте қызықты, тар­тыс­ты ойын болғандықтан, осы ойынды жалғастырып жүрмін. Қар­сы­ластарым өте көп, сол үшін өзімді дамытудамын. Жақында Моң­ғолияда 2023 жылы өткен жа­рыс­та Азия чем­пионы атандым. Қа­зақ­стан аты­нан үшінші орынға ие болдым, – дейді жарыс қатысу­шысы Томи­рис Дәулетбек. 

Жарыс жеңімпаздары алдағы уақытта еліміздің намысын қор­ғайтын болғандықтан, ойын тар­тысты өтіп жатыр.