– Дүниежүзінің мықты мемлекеттері қатысты, соның ішінде қазақ елі тұғырдан секіруден бірінші орын алды. Бұл қуанышымызға бәрі таңғалып, құттықтап жатыр. Жалпы, мұнымен шектелмей, алдағы уақытта елімізде қысқы спорт түрлерін дамыту керек деп ойлаймын. Оған бар жағдай да жасалған. Тұғырдан секіру болсын, шаңғы спорты, биатлон, спорт түрлерінің бәрін Қазақстанда жақсы дамытуға болады. Ол үшін жергілікті жерлерде осы қысқы спорт түрлеріне, әсіресе қысқы мезгілдерде ерекше қөңіл бөлу керек деп есептеймін, – деді Қазақстан Республикасының Жасөспірімдер олимпиадасына дайындық штабының басшысы Елсияр Қанағатов.
Оңтүстік Кореяда қысқы жасөспірімдер олимпиадасының 4-күні аяқталды. Әзірге жерлестеріміз – 14-орында. Хоккейшілер Испания мен Ұлыбритания құрамаларын ірі есеппен ұтып, жартылай финалға шықты.