Италияның Мартель қа­ла­сында әлем кубогі өтіп жатыр. Жерлесіміз Ербол Ха­митов пара шаңғы мен пара биатлон­нан әлем кубо­гінің екінші кезе­ңінде қола жүлдегер атанды.
Хамитов – қола жүлдегер
816
оқылды

Ербол Хамитов пара биатлоннан 7,5 шақырым қашықтықты 22:02.5 секунд уақытта бағындырып, үздік үштікке ілінді. 

Мәре сызығын украиналық қарсыласы Тарас Рад 21:33.2 секунд уақытында кессе, тағы бір украина­лық спортшы Павло Бал 21:52.2 секунд көрсеткішімен күміс жүлдені иемденді. Әлем кубогінің екінші кезеңі 31 қаңтар мен 4 ақпан аралы­ғында басталды. Жарысқа 18 мем­ле­кеттен 160-тан астам спортшы келді. Қазақстаннан 7 спортшы өнер көрсетуде.