Байрақты додаға Қазақстан әйелдер командасының мүшесі 57 келідегі Карина Ибрагимова да қатысып жатыр. Өкінішке қарай, жерлесіміз жергілікті боксшыдан жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.
Турнирді Әйгерім Сатыбаева (48 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі) және Гүлсая Ержан (75 келі) жартылай финалдан бастайды. Демек, бұл боксшылар жарысты бастамай жатып, қола медальға қол жеткізіп тұрғаны анық.
Ал Аида Әбікеева (63 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) жекпе-жекті бірден финалдан бастайды. Бұл боксшыларымыздың еншісінде жеңілген жағдайда қазірдің өзінде турнирдің күміс жүлдесі бар.