Түйткілді мәселе төзімді тауысты

Ақмола облысында ондаған елді мекен жылдар бойы кен жарылыстарының ащы зардабын тартып келеді.

Жарылыстардың қатты болатыны соншалық, үйлердің іргесі сөгіліп, терезелері шатынай сынып, қабырғаларына сызат пай­да болған. Тұрғындар жергілікті атқарушы органдарға талай мәрте арыз-ша­ғымын айтып, құзырлы органдарға хат жолдағанымен, түйткілдің түйіні еш тарқатылмай тұр. Тіпті, керісінше жыл санап тау-тасты үңгіп, үйіндіге ай­­­налдырған карьерлер саны өсіп барады. Мұнымен қоса, тұрғындар қиыр­шық тас карьерлерінен тәулік бойы тоқтаусыз 60 тонналық ауыр камаздармен жүк таситындықтан, бар-жоғы алты шақырым жолдың тас-талқаны шыққан. 

Көкшетаудан таяқ тастам қашықтық­тағы Васильков, Гранитный ауылдарын­да­ғы халық ащы жанайқайын күні бүгінге дейін айтпаған жері қалмаған. Әсіресе, бү­гінде бар-жоғы 500 адам ғана түтін түте­те­тін Гранитный ауылындағы жағдай аса алаң­датарлық. Ауылда осыдан бірнеше жыл бұрын кәріз құдықтары мен жүйелері мүл­дем бітеліп қалып, халық кәрізді өз кү­ші­мен тазартуға көшкенін жазғанбыз. 

Оның үстіне қазір ауылдың айналасын тү­­­гелдей қоршап қиыршық тас өндіретін бес бірдей карьер орын теуіпті. Жылдар бойы карьерлерден қиыршық тас өндіретін зауыттардың қатты жарылыстардың сал­да­рынан жоғарыда аталған ауыл үйлері тү­гелге жуық іргетастары сөгіліп, қабыр­ға­­ларында ірі-ірі сызаттар пайда болған. 

Тіпті, бірқатар үйдің терезесі де шаты­най сынған жағдайлар да болыпты. Қатты жа­рылыстардан кейін тиіп тұрған карьер­лер­дің ауылға қарай сап-сары шаң кө­те­рі­ліп демалуға да қиындық келтіретін бол­ған. Оның үстіне жөңкіле қиыршық тас та­­­­­ситын ірі жүк көліктерінің тоқтаусыз ағы­ны да тұрғындардың әбден ығырын шы­­ғарған. Ауыр көліктердің илеуіне шы­дамаған тас жолдар ойлы-шұңқырға ай­на­лып, әкімдікпен жылда тегістелгенімен оны­сы аптаға жетпей таз қалпына түсе береді. 

Ауылдың белсенді тұрғындары округ, аудан әкімдерінен бастап облыс әкімінің де жеке қабылдауында болып түйткілді мә­селенің шешімін табуға ықпал етуін сұра­ған. Бірақ құрғақ уәдеден басқа еш әре­кет болмаған. Ауыл тұрғындары былтыр қиыр­шық тас зауыттарының жүгенсіз кет­кен әрекетіне еш амал таппаған соң кен ка­рьерлеріне баратын жалғыз жолды жауып та тастаған. Жергілікті атқарушы би­лік өкілдері «бәрін шешуге» уәде берге­ні­мен күні бүгінге дейін түйткілді мәсе­ле­нің мұрты да бұзылмаған. Жолдары жы­рым-жырым болғандықтан Гранитный об­лыс орталығынан небәрі 16 шақырым ға­на болғанымен қоғамдық көлік  те мұнда қа­тынауды қойған. Қалаға қатынап жұмыс іс­тейтін жұрт таксидің де араны ашылып, таяқ­тастам жерге 2 мың теңгеге дейін ала­тынын айтып зар илейді.

– Ауылдың дәл іргесінде «Көкше Не­руд», «Көкшетау жолдары» және басқа да жаңадан ашылған бірнеше карьер жұмыс іс­тейді. Ай сайын бірнеше мәрте жары­лыс­тар болады. Жарылыстар болғандар үй тұтастай дірілдеп, жер сілкінгендей болып жиһаздар шайқатыла бастайды. Ауыл үйлерінің түгелдей іргетастары сөгіліп, қабырғаларында сызаттар пайда болған. Қат­ты дыбыстан құлақ тұнады. Оның үс­тіне халық ала жаздай шаңнан көз аш­пай­ды. «Көкше Неруд», тіпті қысы-жазы жара бе­реді. Жергілікті қауымдастық төрағасы қа­зір Ресейге қоныс аударған Ирина Вол­кова аудан әкімі Әсен Жақсылықовқа, бұрын­ғы облыс әкімі Ермек Маржықпаевқа да кірген. Былтыр жазда, тіпті тұрғындар жол­дың бойына тұрып алып кен орын­да­ры­на көліктерді өткізбей де тастады. Әкім­дік бәрін қалпына келтірмек болған. Бірақ құр­ғақ уәдеден әрі аспады. Жарылыстар сол бәз-баяғыша жарылып жатыр. Ка­рьер­лер үлкейіп енді Васильков ауылында да жарылыстардың салдары байқалып жатыр. Трассаға дейінгі алты шақырым жолдың ойраны шығып жатыр. Әкімдік былтыр тас төгіп амалдағанымен онысы екі апта ішін­де жүк көліктерімен талқаны шықты. Кә­різдер ол бітеліп жатыр. Қоқыс айлап тө­гіл­мейді. Міне, осындай өткір мәселелер ха­лықтың ащы жанайқайына айналған, – дейді Гранитный селосының Галина Ива­нов­на есімді тұрғыны. 

Түйткілді жағдай жөнінде Ақмола об­лы­сының Өнеркәсіптік қауіпсіздік депар­та­менті басшылығымен тілдеспек болдық. Бірақ еш мүмкін болмады. Түйткілді жағ­дай жөнінде тек Қонысбай ауылдық ок­р­у­гы­ның әкімі Жеңіс Башаровпен ғана сөй­­лесудің сәті түсті. Оның айтуынша, биыл карьерлерден жүретін жүк көліктер­мен аяусыз ойран болған жол биыл бюджет қар­жысымен жөндеу үшін жобалық-сме­та­лық құжаттама жасалу үстінде. Сондай-ақ карьер қазушы компанияға жанама жол салу талабы қойылған. 

– Республикалық маңызға ие Петро­павл трассасы жолына шығар жолға был­тыр күзде жартысы, яғни 4,5 шақырымына жөн­деу жұмыстары жүргізілген. Биыл енді то­лықтай 9 шақырымына жөндеу жұмыс­тары жүргізу үшін Зеренді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімімен жобалық-сметалық құжаттама жасалып жатыр. Жобаға бюджеттен қаржы бөлініп, мәс­лихат сессиясында бекітілсе жолға то­лық­тай асфальт төселмек. Жол толықтай жөн­делгеннен кейін жүк көліктеріне көлік полициясы арқылы бұл жолмен жүруге тыйым салынады. Біз карьерлерден қиыр­шық тас өндіретін компанияларға жанама жол салу қажетін ескерттік. Олар да өз­д­е­ріне жанама жол салатын болды. Өнеркә­сіп­тік қауіпсіздік департаментіне бірнеше мәрте хат жазып, олар карьерлерде 3 мәрте тек­серіс жүргізді. Осы тексерістерден кейін жарылыс жасау біршама азайды. Қа­зір тек «Көкше Неруд» компаниясы ғана жа­ры­лыстар жасайды. Жарылыс күші қа­лып­ты нормаға сәйкес деген жауап алдық, – дейді Қонысбай селолық округының әкімі Жеңіс Башаров. 

Тұрғындардың төзімін тауысқан түйт­кіл­ді мәселелердің жақын уақытта шешімін таппайтынын байқадық. Бұл орайда, құ­зыр­лы органдар мен жергілікті билік өкіл­дерінің сондай-ақ жергілікті қауымдастық өкіл­дерінің бірлесе комиссия құрып, бір­лесе әрекет етіп, комиссиялық түрде жары­лыс­тар жасайтын карьер иелерін тезге сал­са, ауылдағы ауыр ахуалға сеп болар ма дей­міз... 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы