Телефон «терроризмінің» әлегі

Осыдан бір апта бұрын Аты­рау халқы жалған ақпараттың кесірінен екі рет әуре-сарсаңға түсті. Әрі екі жағдай да мек­­­теп­­терге қатысты болды.

25 қаңтар күні түс әлетінде «бом­­­ба бар» деген дабылмен Аты­­рауда мектеп оқушы­лары шұ­ғыл эвакуацияланды. Оқыс оқиға Аты­рау қаласындағы Нұрсая ық­­ша­­м­ау­­­­­­­­данында болған.

Әл-Фараби атындағы Бином ме­­­ктебіне «бомба қойылғаны» ту­ралы ақпарат түсіп, оқушылар, мұ­­­­­ға­­­­лімдер мен қызметкерлер шұ­­ғыл эвакуацияланды. Оқиға ор­­нын­да Полиция департаменті, Аты­­­рау облысы Төтенше жағдай­­­­лар депар­­­­таменті қызмет­­­керлері жұ­­­мыс істеді. Аталған департа­­­­мент­тен 6 қыз­меткер,1 техника, Апат­­тар меди­­­цинасы орталығынан 3 қыз­меткер, 1 бірлік техникасы жағ­­дайды анықтауға жұмыл­­­ды­­рылды. 

Арада бірер сағат өткеннен ке­йін Аты­­рау облысы Полиция де­партаменті тұр­­ғын­­дарды дүрлік­­­­­тірген дабылдың рас­­талмағанын, бомба табылмағанын мәлімдеді. 

Дәл сол күні кешкісін «жаппай атамыз, қырамыз, жоямыз» деп мек­­тептердің аты аталған хабар­­­­ламалар Telegram-нан бастап, WhatsApp чаттарға, Instagram, Facebook желілерінде және тарады.

«Конец Атырау» деген атаумен белгісіз біреулер Telegram-да канал ашып, «бірнеше мектепті жаппай атыстың астына аламыз» деген хабарлама әп-сәтте алақандай Аты­­рауға тарап кетті. 

Құзырлы органдардан шулы хабар­­­ламаға алғаш болып пікір білдірген Аты­­рау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев болды. Ол мектептерге жос­­пар­­лан­­­ған қасақана әрекеттер туралы тараған ақпараттың жалған екенін айтты. 

«Дәл осындай мәтінде жазыл­­ған ақпарат еліміздің бірқатар қала­сында тарады, бірақ расталған жоқ. Десе де, бұған қарамастан жер­гілікті атқарушы және құқық қорғау органдары қауіпсіздік ша­­ра­­­­­ларын күшейтеді, – деді Жас­ұлан Бисембиев. Дегенмен дүйім жұртты дүрліктірген хабар­лама салдарынан мектептерге келесі күні оқушылардың 50 па­йыз­ға жетпейтін бөлігі ғана келді.

Айтқандай, полиция екі жағ­дай бойынша да іс қозғап жатыр. Қылмыстық істің тергеу барысы, нәтижелері туралы әлі де болса хабар ала алмай отырмыз. Деген­­мен БАҚ Ақтөбеде дәл осындай мәтінде тараған фейк-хабарла­­­­маларды таратқан 18 жастағы күдікті қолға түскенін хабарлады. Ресми мәліметке сенсек, күдікті шетелдің азаматы.

Қоғамды үрей құшағына итер­гісі келетіндер кімдер? Олар­дың артында кім тұр? Біз өзімізше зерт­теу жүргізіп көрдік.

Атырауда осы жағдайға қа­­­­­тысты оқиға­­­ларды сараптай келе «телефон террористерінің» ар­­­­тында түрлі әлеуметтік топ өкілі тұр­ғанын көруге болады.

Мәселен, өткен жылдың қара­­шасында «мектептердің бірінде жарылғыш құрылғы орнатылған» деген хабарды таратқан адамның ұсталғанын жергілікті тұрғындар ұмыта қойған жоқ. Жалған ха­бармен күштік құрылымдарды тік тұрғызған ер адамның 27 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды. Тергеу барысында әлгінің «үздіксіз типтегі параноидты шизофрения, тұрақты ақауы бар» созылмалы пси­хи­­­калық ауруға шалдыққаны анықталды. Сотта шырылдап тү­­­сінік берген ер адамның анасы ұлы­ның науқас екенін, жалған хабар берілген күні оның жағдайы нашар болғанын айтты. 

Күдікті қылмыстық жауап­­­кер­шіліктен босатылғанымен, оған Атырау облыстық психикалық ден­саулық орталығының жалпы үлгідегі психиатриялық стацио­­­­нарында мәжбүрлеп емдеу та­ға­йын­далды.

Бірақ бұл – бірлі-жарым жағ­дай. Кей­­де бастығына иә айнала­сына «ренжіп», осындай қорқы­нышты әңгімемен «әзіл­­­­дейтіндер» де бар болып шықты. Осыдан біраз бұрын Атырауда өкпесі ауыратын науқастарды емдейтін страте­­гия­лық ны­­сан – «Атырау облыстық туберкулез диспан­­­серінің» әбі­герге қалғаны бар. Полицияға бом­ба туралы хабар түсіп, дис­пансер эвакуацияланды. Тексере келе диспансерден жарылғыш зат табылмады. Кейін полицияға хабар берген басқа емес, диспан­сердің қызметкері екені анық­талды.

Өткен жылғы мәлімет бойын­ша, «жалған терроризм» хабар­ла­масы бойынша, 115 қазақ­­­стан­дық істі болып, сотталған. Олар­­­­­дың ішін­дегі 15-і – кәмелеттік жасқа тол­маған жасөсіпірімдер. Ішкі іс­тер министрлігі өкілі Алмас Тал­қан­баевтың мәлімдеуінше, жал­ған хабарламалар әдетте бел­гілі бір мақсатсыз, бос жүрудің немесе алкогольдің әсері, кейде психика­лық жағдайдың әсерінен беріліп жатады. Араларында пси­хикалық ауруға шалдыққандар да, жұмыссыз күйзелісте жүрген­дер де бар.

Кейбіреулер тіпті, осындай жол­мен өзін ренжіткендерден кек алғысы келеді, мекеменің жұмы­­сын немесе мектептердегі сабақ­­тарды тоқтатуды көздейді екен. Еске сала кетсек, Қазақстанда тер­­­­­роризм актісі туралы жалған ха­барлама таратқандар 14,5 млн теңгеге дейін айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен жаза­­­­ланады. Сондай-ақ бес жылға дейінгі мер­­­зімге шектеу немесе бас бостан­­­­­дығынан айыру жазасы да қарастырылған.

Атырау облыстық Полиция депар­­таментінің мәліметінше, ірі қалалардағы теміржол вокзалының бірін эвакуациялау жұмыстары үшін кемінде мемлекетке 1 млн тең­геге дейін залал келуі мүмкін. Ал ірі сауда орталықтарының әр са­ғатынан болған шығын бірнеше миллион теңгеге жетуі мүмкін. Тіпті, заң жалған хабар таратқан жасөспірімге де жаза қарас­­­тыр­­ған. 

Сондықтан әр адам «телефон терроризмінің» артында жауап­­кершілік барын біле жүруі керек.

Баян ЖАНҰЗАҚ,

Атырау облысы