Бұл туралы жергілікті ақпарат көзі zhaikpress.kz сайты жазды.
– Тұлпарды 2022 жылы екі жасында сатып алдым. сол уақыттың өзінде Алматыда өткен үш бәйгеде шауып, бәрінде де жеңіске жетті. Кейін Ресейде алты жарысқа қатысып, сол жарыстың бесеуінде бірінші келді. Ол 11 жарыстың онында топ жарды. Дубайда өткен бәйгеден соң рейтингі көтерілді. Ал финалға АҚШ бапкері Даг Уотсон дайындап жатыр, – дейді Кабирханның иесі Тілек Мұхамбетқалиев.
Айта кетейік, Дубайдағы Мейдан ипподромында өткен беделді бәйгеде қазақстандық Кабирхан есімді тұлпар топ жарды. 2000 метр ұзындықтағы жарысқа 13 сәйгүлік қатысқан еді. Кабирхан бұған дейін де 9 жарысқа қатысып, сегізінде бірінші, тек біреуінде екінші орын алып, таңғаларлық нәтиже көрсеткен. Дубайдағы екінші бәйгеде де қазақстандық сәйгүлік бірінші келді.
Тұлпар жайлы оның иесі:
"Ағылшын тұқымы, АҚШ-та туған, қазір 4 жаста. Қазақстанда 2 жасында 3 рет жарысқа қатысты. Сосын 3 жасында Ресейге жібердім. Ресейде жарыс көп, рейтингі жоғары. Бізде аламан бәйге, қазақтың бәйгелері дамыған, ол жақта ұшқыр бәйге дамыған. Сондықтан Ресейге жібердім. Ресейде баптаған соң алты рет шапты, бес рет бірінші болып келді. Бір рет екінші келді. Содан кейін өзім Дубайға жіберуді шештім", – дейді.