Бауыржан Сағындық жаттықтырушы мансабын 2009 жылы «Ертіс» жастар командасында бастаған.
Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды
1,634
оқылды

Бауыржан Сағындық Футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

36 жастағы маман бұған дейін кәсіби футболшы ретінде «Ертіс», «Энергетик-2», «Намыс», «Астана-1964» және «Гефест» командаларында ойнаған.

Ал жаттықтырушы мансабын 2009 жылы «Ертіс» жастар командасында бастаған.

2017-2018 жылдары «Ертіс» клубында жастар футболын дамыту бағдарламасының басшысы болды.

Сонымен қатар «Жұлдыз» және «Ақсу» футбол орталықтарында жұмыс істеді.

2017-2018 жылдары Қазақстан 20 жасқа дейінгі жастар құрамасында бапкерлер штабында қызмет атқарған.

2022 жылы «Ақсу» футбол клубында бас бапкердің көмекшісі болды.