Қазақстандық теннисші, әлемнің 247-ракеткасы Михаил Кукушкин Ноттингем (Ұлыбритания) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті.
Михайл Кукушкин екінші айналымға өтті
761
оқылды

Кукушкин қазір кәсіпқой тен­нис­шілер қауымдастығының (ATP) рейтингінде 247-ші орында тұр. Lexus NOTTINGHAM CHALLENGER ивентінің жекелей сын­ын ол сейсенбі күні кешке әлем­нің 337-ші ракеткасы британдық Чарльз Бруммен жекпе-жектен бас­тады. Бұл қарсыластар бұрын-соңды кездескен емес, олардың мансаптағы алғашқы кездесуі 1 са­­ғат 50 минутқа созылды, тар­тысты бәсеке барысында Кукуш­кин 5 эйспен бірге 6 брейк-пойнт­тың біреуін ғана пайдаланды. Ұлы­британиялық спортшы 9 эйс­пен көзге түсті.

Кукушкиннің келесі қарсы­ласы сәрсенбі күні Астана уақыты бо­йын­­ша түскі уақыттан кейін анық­талады. Бұл жекпе-жектің фавориті – қазіргі әлемдік рей­тингте 194-ші орында тұрған бель­гиялық теннис­ші. Оның Ұлы­британиядағы қар­сы­ласы қазіргі уақытта әлемнің 408-ші ракеткасы болып табылады, сондықтан бейсенбіде екінші айналымда Ку­кушкин Де Лурмен ойнауы мүм­кін. 

Қазақстандық теннисші Ми­хаил Кукушкин екінші айна­лымға өткен  Ұлыбританиядағы Чел­ленджер сериясының жүлде қоры шамамен 75 мың еуроны құрайды.