Олар 32 алтын, 20 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.
– Ауа райының ыстықтығы балалар үшін қолайсыздық тудырды. Жарыс таңғы 7-де басталып, кешкі 9-да аяқталды. Балалар күніне небәрі 5-6 сағат ұйықтады. Қиындықтарға қарамастан жарыс өте сәтті өтті. Спортшыларымыз жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді, – деді жаттықтырушы Ольга Румынская.
– Алғашында қатты алаңдадық, себебі бұл біздің командамыз үшін алғашқы халықаралық жарыс болды. Бірақ бәрі сәтті өтті. Қазақстан атынан қатысып, елімізді танытқанымызға қуанышымыз шексіз, – дейді жүлдегер Райымбек Даубаев.