Париж Олимпиадасының жолдамасына таласатын боксшылар тізімі:
51 келі: Сәкен Бибосынов;
57 келі: Махмұд Сабырхан;
63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы;
71 келі: Асланбек Шымбергенов;
80 келі: Нұрбек Оралбай;
92 келі: Айбек Оралбай
Ерлерде 28 жолдама үлестіріледі.
Әйелдер құрамы:
50 келі Алуа Балқыбекова;
54 келі Жайна Шекербекова;
60 келі Римма Волосенко;
66 келі Наталья Богданова:
75 келі Валентина Хальзова.
Әйелдерде 21 жолдама үлестіріледі.
Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан еншісінде әзірге екі жолдама бар. 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен әйелдерден 57 келідегі Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасына баруға мүмкіндік алған еді.
Айта кетейік, Италиядағы іріктеу турнирі 4-12 наурыз аралығында өтеді.
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan