Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Софияда (Болгария) өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінде жартылай финалдық кездесуін өткізді.
51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшымыз жартылай финалда өзбекстандық Асылбек Жалиловпен кездесіп, оны 3:2 есебімен жеңді. Осылайша, Санжар Тәшкенбай 2024 жылғы кіші әлем чемпионатының финалына шықты. Енді ол алтын медаль үшін жұдырықтасады. Ал қарсыласы Асылбек Жалилов турнирдегі өнерін қола медальмен аяқтады.