Санжар Тәшкенбай – қазіргі әлем чемпионы.
«Странджа» турнирі: Санжар Тәшкенбайдың финалдық жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды
Фото: Sports.kz
5,185
оқылды

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Софияда (Болгария) өтіп жатқан кіші әлем чемпионаты деп те аталатын «Странджа» турнирінде финалдық жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы Sports.kz жазды.

51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшымыз финалда үнді боксшысы Амит Пангалмен кездесті. Жекпе-жек күтпеген нәтижемен, яғни үнді боксшысының жеңісімен аяқталды – 5:0. 

Осылайша, бокстан кіші әлем чемпионатында Амит Пангал «алтын» алса, Санжар Тәшкенбай жарыстың күміс жүлдегері атанды. 

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай –  қазіргі әлем чемпионы. Қарсыласының мансабындағы басты жетістігіне келетін болсақ, Пангал 2019 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған.