Дулат Бекбауов 2024 жылғы «Странджа» халықаралық турнирінде Қазақстанға жалғыз алтынды сыйлады.
Дулат Бекбауов «Странджа» халықаралық турнирінде алтын медаль алды
Фото: bassport.kz
2,336
оқылды

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Софияда (Болгария) өткен «Странджа» халықаралық турнирінің финалында өнер көрсетті.

67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшымыз финалда үндістандық Раджатпен кездесіп, оны 3:2 есебімен жеңді.

Осылайша, Дулат Бекбауов 2024 жылы «Странджа» халықаралық турнирінде Қазақстанға жалғыз алтынды сыйлады. Ал Санжар Тәшкенбай жарыстың күміс жүлдегері атанды. Тұрсынбай Құлахмет (80 келі) қола жүлде алды. 

Жалпы, турнирге Қазақстан ерлер құрамасынан он боксшы қатысты: Санжар Тәшкенбай (51 келі), Дәулет Молдашев (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Руслан Күзеубаев (60 келі), Ерасыл Танқай (63,5 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Талғат Шайкен (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Тұрсынбай Құлахмет (80 келі) және Абзал Құттыбеков (92 келі).